Бокстан әйелдер арасында «Мықтылар турнирі» басталады

Бокстан әйелдер арасында «Мықтылар турнирі» басталады

Санаулы күннен соң Қарағандыда "Мықтылар турнирі" басталады.

Бұл бәсекеде қыздарымыз шлемсіз жұдырықтасады. Жаңа ереже сондай болғандықтан, бейімделу керек. Әйелдер боксынан Қазақстан командасының бас бапкері Елдос Сайдалин осылай деді. Бапкер Қарағандыдағы жарыстан соң, Азия біріншілігі өтеді. Содан кейін көп ұзамай, Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Айта кетейік, әйелдер боксынан "Мықтылар турнирі" 22-28 қыркүйек күндері Қарағандыда өтеді. Бәсеке алдағы Азия чемпионатына іріктеу болып есептеледі. Кімнің қандай салмаққа ауысатыны да содан соң белгілі болады.