Астанада шырға тарту жарысы өтеді
Жеті қазынаның бірі саналатын қазақ тазылары жынысына қарай екі топқа бөлініп 800 метрге жүгіреді.
Сайысқа 1,5 жастан асқан шашаққұлақтылар жіберіледі. Бүгінде елордадағы ауқымды бәсекеге 90-ға жуық құмай тіркелген. Жарыста тазының тазасын сыншылардан жасақталған комиссия тексереді. "Тазы – ежелгі қазақы ит тұқымы". Қазақстан ресми түрде тазы тұқымының иесі деп танылғаны бұған дейін айтылды. Халықаралық кинология федерациясы жеті қазынаның бұл түрін ресми мойындап, мәртебе берді.