Ғ. Тынбаева дзюдодан әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді

Ғ. Тынбаева дзюдодан әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді

Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.

48 келі салмақта белдесетін Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Тынбаеваның еншісінде 3779 ұпай бар. Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын. Ал мамыр айында Астанада өткен Grand Slam додасында алғаш рет топ жарды.