Паралимпиада жүлдегерлеріне пәтер табысталды

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтер мен 30 млн теңге табысталды, деп хабарлайды 24kz.

Ал оның жаттықтырушысы Айдын Анапинге 10 млн теңге берілді. Дүбірлі додада күміс алған тағы бір елордалық спортшы Ерғали Шамейге 2 бөлмелі пәтер мен 25 млн теңге табысталды. Ал оның жаттықтырушысы Дәурен Оразовқа 7 млн теңге берілді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Шаһар басшысы жүлдегерлермен кездескенін және демеушілер есебінен сый-сияпат табыстағанын жазды. Сондай-ақ атлеттерге қолдау әрі қарай да жалғасатнын жеткізді.