Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды 24kz.

6-13 қазан күндері елордадағы Beeline Arena спорт кешенінде құрлықтық жарыстың жалауы желбірейді. Қазақстан спорттың бұл түрінен алғаш рет Азия біріншілігін қабылдайды. Бір аптаға созылатын жарыста 7 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Байрақты бәсекеде ел намысын 10 спортшы қорғайды. Олардың ішінде Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов сынды ел аузында жүрген теннис шеберлері бар.

Айта кетейік, XX ғасырдың ортасынан бері ұйымдастырылып келе жатқан айтулы бәсекеде бүгінге дейін тек 10 мемлекеттің спортшылары жүлде алған. Ал Париж Олимпиадасында 5 жүлде жиынтығына 60 ел таласып, тек 6 мемлекеттің өкілі тұғырдан көрінген.