Рыбакина тағы бір ірі турнирден бас тартты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты тағы бір жарыстан бас тартты, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жолы ол Қытайда өтетін China Open турнирінде өнер көрсете алмайды. Жарыс ұйымдастырушыларының мәлімдеуінше, оған себеп – арқа жарақаты.
Турнир 25 қыркүйекте басталып, 6 қазанда мәресіне жетеді.
Еске салайық, былтыр қазақстандық теннисші аталған турнирде жартылай финалға жеткен болатын. Енді биыл сол кезде алған ұпайын қорғай алмайды. Яғни, оның рейтингтегі 390 ұпайы кері қайтарылады. Жыл басталғалы бері Елена Рыбакина оннан астам турнирден бас тартты. Олардың қатарында Олимпиада ойындары да бар. Енді отандасымыз Қытайдың Ухань қаласында 7-13 қазан аралығында өтетін турнирге қатысуы мүмкін.