Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде ширек финалға шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде ширек финалға шықты

Қазақстан Португалияны жеңді. Футзалдан Өзбекстанның Әндіжан қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің 8/1 финалында қос құрама арасында матч өтті, деп хабарлайды 24kz.

Тартысқа толы өткен кездесудің 10-минутында қазақстандық Шыңғыс Есенаманов есеп ашты. Оған португалиялық Зикки 21-минутта бір голмен жауап қайырды. Ал ойынның бітуіне небәрі 12 секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соқты. Осылайша, ел құрамасы ширек финалға шықты. Қазақстанның келесі қарсыласы бүгін белгілі болады. Біздің жігіттер жартылай финал жолдамасын Аргентина мен Хорватияның қай жеңгенімен сарапқа салады.

Лео Игита, футзалдан ұлттық құрама капитаны:

- Футзалда әрбір секунд маңызды. Өздеріңіз көргендей,  біз жарты сағаттан көп тартыстық, ал жеңіс голы 14 секунд қалғанда соғылды. Жігіттеріміз батыр. Аяқтарында жарақат болса да, жан алысып, жан берісіп алаңда жүр. Бізге әлі финал алыс, ширек финалда қарсыластарымызды анықтап, соған қарсы дайындалатын боламыз.