Бокс федерациясы World Boxing ұйымына қосылуға өтініш берді
Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына қосылуға өтініш берді, деп хабарлайды 24kz.
Федерацияның баспасөз қызметі атап өткендей, бұл шешім бірінші кезекте отандық боксшылардың Олимпиадалық болашағымен тікелей байланысты. 2023 жылдың сәуір айында құрылған ұйымның қатарында қазір 44 ел бар. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин аталған ұйымның олимпиадалық комиссиясын басқарады. Оның басты міндеттерінің бірі – боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдыру.