Ж.Әлімханұлы: Чемпион чемпионмен кездесуі керек

Ж.Әлімханұлы: Чемпион чемпионмен кездесуі керек

«Маған ақша маңызды емес! Атақ маңызды! Чемпион чемпионмен кездесуі керек!» Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіге осындай жазба жариялап, WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы доминикандық Карлос Адаместі жекпе-жекке шақырды.

«Менің Австралиядағы кездесуден кейін қанша сыйақы алатынымды бәрі біледі. Бірақ маған ақша маңызды емес! Карлос, мен 4 қазан күні Сиднейде жұдырықтасамын. Кейін сенен келісімшарт күтемін. Қаңтар немесе ақпанда айқас ұйымдастырайық», - деді Жәнібек.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы. Ол 4 қазан күні жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен кездесу өткізеді. Айқас жоғарыда айтқандай, Австралияда, оның ішінде, Сидней қаласында өтеді. Жәнібек бұл кездесуде жеңіске жетеріне сенімді және одан кейін Карлос Адамеспен кзедесіп, тағы бір чемпиондық белдікті иемденгісі келеді.