Р.Кака: Жеңіс үшін барымызды саламыз
«Командада денсаулық жағынан толық қалпына келіп үлгермеген жігіттер бар. Десе де, жеңіс үшін барымызды саламыз».
Ұлттық құраманың бас бапкері Рикардо Кака кезекті матч алында осындай пікір білдірді. Ол қарсыластарды Алматыдағы жолдастық мачта тыңғылықты зерттегенін алға тартады. Бұған қоса, Аргентина құрамасының соңғы 6-7 ойынын тыңғылықты қарап, өзіндік сараптама жасаған. Соған сәйкес, дайындықты пысықтап жатыр.
Рикардо Кака, ұлттық құраманың бас бапкері:
- Әлем чемпионатының әр кездесуі өзіндік тарих. Біз сол тарихты жасауды жалғастырамыз. Әрине, кейбір ойыншылардың денсаулығына байланысты мәселе бар. Бірақ жаттығуға еш әсер ете қойған жоқ. Жанкүйерлердің бізден не күтетінін жақсы білеміз және сол үмітті ақтауға тырысамыз. Ал, біз өз кезегімізде олардан өткен ойындағылардай керемет қолдау болады деп сенеміз.