Нұрбек Оралбай Азия чемпионатына қатыспайды
Елімізде тұңғыш рет пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді.
5 қазан күні елордада басталатын біріншілік көру қабілеті төмен және зағип спортшылар арасында Пауэрлифтинг және жатып сығымдаудан болады.
М: Иә, Қайрат әлем біріншілігіне Грузия, Украина, Түркия, Египет, Ливия, Чехия, Израиль, Кения сынды елдерден 71 спортшы келеді деп жоспарланған. Аталған чемпионат елімізде инклюзивтікті қолдауға және мүмкіндігі шектеулі жандардың спортын дамытуға маңызды үлесін қоспақ.
Т. Орынбасар Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Талғат Орынбасар әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы біріншілікте қазақстандық татами шебері қола жүлдеге қол жеткізді. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жарыс барысында барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Ол іріктеу кезеңінде сербия мен қырғызстан спортшысын тізе бүктірді. Ширек финалда тәжікстандық қарсыласына есе жіберді, алайда жұбаныш белдесуінде италиялық Винчензо Манферлоттиден айласын асырып, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Ал 3-ші орын үшін белдесуде әзербайжандық Низами Имрановты таза жеңді. Осылайша, Талғат Орынбасар 2023 жылғы жетістігін қайталап әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері атанды. Айта кетейік біріншілікке 67 елден 531 жас татами шебері қатысып жатыр. Байрақты бәсеке 7 қазанға дейін жалғасады.
Нұрбек Оралбай Азия чемпионатына қатыспайды
Бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай қарашада өтетін Азия чемпионатына қатыспайды. Бұл туралы боксшының бапкері Асқар Еркебаев «Бірінші бол» тілшісіне берген сұхбатында айтты. «Наурыз айында бокстан Италияда өткен лицензиялық турнирде Нұрбек мұрнынан жарақат алып, уақыттың тығыздығына байланысты емделуге мүмкіндік болмады. Соған қарамастан, ол Олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті. Болашақ әлем, Азия чемпионаттары, Азия мен Олимпиада ойындарына қатысу үшін қазір емделу керек. Емдеу шараларына қатысты алдағы Азия чемпионатынан тыс қалады» деді. Сондай-ақ ағайынды Оралбайлардың жеке бапкері Нұрбектің сыңары Айбектің жаңа салмаққа біржола ауысқанын да атап өтті. Қазір Айбек Оралбай Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Абдалиев атындағы халықаралық турнирде аса ауыр салмақта өнер көрсетіп, жарыстың жартылай финалына шықты. Ол ақтық сынға жолдаманы Даниал Сапарбаймен сарапқа салады.
Шорт-тректен ел біріншілігінің алғашқы күні аяқталды
Шорт-тректен Қазақстан біріншілігінің бірінші күні аяқталды. Елордада басталған жарыстың алғашқы күнінде спортшылар 1500 метр қашықтыққа сайысқа түсті. Нәтижесінде ел үздіктері анықталды. Атап айтар болсақ әйелдер арасында аталған қашықтықта Ақмола облысының намысын қорғаған Ольга Тихонова топ жарды. Астаналық Малика Ермек екінші болса, батысқазақстан өкілі Алина Ажғалиева үздік үштікті түйіндеді. Ал ерлер арасында 1500 метр қашықтықта жергілікті спортшы Әділ Ғалиахметовтың асығы алшысынан түсті. Күміс жүлде ақмолалық Денис Никишаға бұйырса, қостанайлық Глеб Ивченко қолаға қол созды. Ал бүгін шорт-трекшілер 500 метр қашықтықта кім мықтыны анықтайды. Айта кетейік Қазақстан чемпионатында елдің 10 облысынан келген 117 спортшы бақ сынауда. Жаттықтырушылар штабы осы чемпионаттың қорытындысы бойынша қысқы маусымға екі құрама жасақтауды жоспарлап отыр. Биыл ұлттық құрама World Tour сериясының жарыстарында, сонымен қатар 4 құрлық чемпионаты, дүниежүзілік Универсиада, қысқы Азия ойындары және әлем чемпионаты секілді маңызды додаларға қатысады.
"Қайрат" жастары "Бетиспен" кездеседі
Қайрат жастары Бетиспен кездеседі. Алматылық клуб УЕФА Жастар лигасының екінші іріктеу матчында жеңіске жетті. Чемпиондар жолының бірінші раундының қарымта матчы Молдованың Кишинев қаласында өтіп, Қайрат жастары "Академия Раду Ребежи" клубын 4 те 1 есебімен жеңді. Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша Алматылықтар келесі кезеңге өтті. Енді "Қайрат" екінші айналымда Испанияның "Бетис" клубымен кездеседі. Бірінші ойын 23 қазанда Испанияның Севилия қаласында, ал қарымта матч 6 қарашада Алматыда өтеді.