Конференция лигасы: «Астана» алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Конференция лигасы: «Астана» алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Астана жеңіске жетті. UEFA Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ойынында елордалық клуб Сербияның ТСЦ командасымен кездесті.

Қос команда алғашқы минуттан жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Ойынның 15-минутында елордалық клубтан Кипрас Кажуколовас қарсыластар қақпасынан саңылау тауып кетті. Бұдан кейін сербиялық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Соған қарамастан бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Екінші кезеңде де қонақтар басымдықты арттыра түсті. Десе де, олар өз мүмкіндігін сәтті пайдалана алмады. Осылайша «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, аталған турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Енді елордалық ұжым 24 қазан күні сырт алаңда Уэльстің «Нью-Сейнтс» командасымен ойнайды. Одан кейін 7 қарашада «Пафос» 28 қарашада «Витория» 12 желтоқсанда «Челси» 19 желтоқсанда АПОЭЛ клубтарымен кездеседі.

Бүгін Ж. Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін өткізеді  

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, қарсыласымен көз арбасты. Қазақ жігіті таразыда 72,38 келіні көрсетіп, талап бойынша жарысқа қатысуға рұқсат алды. Ал, оның қарсыласы Андрей Михайлович 72,54 келі тартты. Бүгін Жәнібек WBO және IBF нұсқасындағы әлем чемпионы атағын қорғайды. Жерлесіміз Жаңа Зеландиялық боксшымен Австралияның Сидней қаласында шаршы алаңға шығады. Екі спортшы шілдеде кездесуі тиіс еді. Алайда Әлімханұлы салмақ қуу кезінде денсаулығы сыр беріп, жекпе-жек кейінгі шегерілен болатын. 

Шорт-тректен ел біріншілігінің екінші күні аяқталды

Шорт-тректен ел біріншілігінің екінші күні аяқталды. Кезекті жарыс күнінде спортшылар спринтте жекелей сынға түсті. Сондай-ақ командалық эстафетада өзара мықтыны анықтады. Ерлер арасында 500 метрге жарыста Ұлттық құрама көшбасшыларымен қоса жас спортшылар сынға түсті. Тартысты финалда 20 жастағы астаналық Айбек Нәсен аға буындағы қарсыластарынан асып түсіп, чемпион атанды. Ал әйелдер арасында дәл осы қашықтықты бірінші болып Батысқазақстан өкілі Алина Ажғалиева бағындырды.  Командалық эстафетаның алтыны әйелдер және ерлер арасында да Астана командасына бұйырды. Бүгін жарыстың үшінші күнінде 1000 метр мен аралас командалық эстафетаның жеңімпаздары анықталады. Ал ертең бапкерлер мен төрешілер құрамы жиналыс өткізіп, әлемдік жарыстарға жолдама алған спортшылар тізімін жариялайды.

«Ордабасы» ҚПЛ-да көш бастады

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 22-туры басталып, екі матч ойналды. Петропавлда жергілікті «Қызылжар» өз алаңында ел чемпионы «Ордабасыны» қабылдаса, Талдықорғанда «Жетісу» мен «Елімай» өзара мықтыны анықтады. Бұған дейінгі матчта «Астанадан» жеңіліп, маңызды ұпайынан айрылған шымкенттік команда бүгін жанкүйерлерін қуантты. Аса тартысты өткен ойында олар 1:0 есебімен жеңіске жетті және турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.  Ал, премьер лиганың дебютанты – семейлік «Елімай» болса ең маңызды сәтте сүрінді. Андрей Карпович шәкірттері Талдықорғанға фаворит ретінде келіп, үш ұпаймен үйге оралуды жоспарлаған. Алайда «Жетісудан» 0:2 есебімен жеңіліп, турнир кестесіндегі жағдайын нашарлатып алды. Осылайша,  39 ұпайы бар «Ордабасы» турнирлік кестенің көш басына шықты, ал Елімай 37 ұпаймен екінші орында.