Дзюдодан Әлем чемпионатын қабылдаймыз

Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен жұдырықтасады.

Бүкіләлемдік бокс ұйымы қос мықтыны кездесуге міндеттеді. Яғни Жәнібек WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғау қажет. Екі боксшының менеджерлеріне келісім жасасу үшін 15 тәулік уақыт берді.

Дзюдодан әлем чемпионатын қабылдаймыз. Байрақты бәсеке 2027 жылы ұйымдастырылады. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер кездесуінен кейін белгілі болды. Тараптар Венгрияда басқосып, тиісті құжаттарға қол қойып үлгерді. Бұл отандық спорт үшін, әсіресе, отандық дзюдо үшін керемет жаңалық. Естеріңізде болса, 2015 жылы Астанада алғаш рет дзюдодан әлем чемпионатын өткіздік. Сол кезде Елдос Сметов алтын медаль жеңіп алып, ел абыройын асқақтатқан еді. Кейін жеңіс жолын жалғап, олимп шыңын да бағындырды. Енді алдағы жарыс қазақтың қыз-жігіттеріне жаңа мүмкіндік сыйлайды. Жас таланттардың жарқ етіп шығуына жақсы серпін береді. Яғни, кезекті тарихи жетістіктің куәсі боламыз деген сөз.

«2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік.  Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос-Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді. Сонымен қатар, халықаралық дзюдо федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге септігін тигізеріне сенімдімін...»

Үстел теннисінен Азия чемпионаты

Елімізде  қазір тағы бір байрақты бәсеке өтіп жатыр. Астана қаласы үстел теннисінен Азия чемпионатын қабылдау құретіне ие болды. Бұнда 26 мемлекеттен 200-ден аса спортшы жиналды және олар, міне, бірнеше күн қатарынан өзара мықтыны анықтауда. Айта кету керек, жарыстың деңгейі әлем чемпионатынан кем емес. Өйткені, үстел теннисі бойынша үздіктердің барлығы дерлік осы Азия құрлығынан шығады. Сонымен, елордағы бәсекеге келер болсақ, Кирилл Герасименко бастаған ұлттық құраманың жігіттері іріктеу кезеңін өте сәтті бастады. Бірақ ширек финалда Үндістан құрамасына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Командалық сындағы қорытынды есеп: 3:1. 

Енді осы Үндістан, одан кейін Қытай, Тайпей және Оңтүістік Корея командалары бас жүлдені өзара сарапқа салады. Әйелдер арасындғы бәсекеде де жерлестеріміз жүлгегерлер қатарына кіре алмады. Бұл бағытта жапон қыздары барлық қарсыласын ұтып, Азия чемпионы атанды. Олар финалда Қытай құрамасын ұтты. Бұны спорт мамандары тіпті сенсациялық жеңіс деп бағалап жатыр. Өйткені қытайлық қыздар ұзақ жылдар бойы халықаралық жарыстарда қарсылас шақ келтірмей келген еді. Енді жұптық және жекелей сындар бойынша бәсекелер болады және жерлестеріміз жеңіс тұғырына көтеріледі деп үміттенеміз. Астанадағы Азия чемпионаты 14-ші қазанға дейін жалғасады.

Қазақстан-Австрия матчына дайындық

Қарсыластан кем еместігімізді дәлелдеуіміз керек. Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов осындай пікір білдірді. Қазқастандық жігіттер бүгін УУЕФА ұлттар лигасы аясындағы кезекті кзедесуін өткізеді. Матч сырт алаңда Австрия құрамасына қарсы болады. Ел намысын қорғайтын командамыз бірер күн бұрын Австрияның Кремс-на-Дунау қаласына жетті және қазір матч алдындағы дайындықты пысықтап жатыр. Қазақстан мен Австрия арасындағы ойын біздің уақытпен 23:45-те басталады. Айта кету керек, Қазақстанның топтық кезеңдегі жағдайы аса мәз емес. Біздің жігіттер бүгінге дейін 1 ғана ұпай жинады және өз тобының ең соңғы сатысында тұр. Нақтырақ айтқанда, ұлтар лигасы аясындағы алғашқы мачта Норвегиямен тең түстік. Артынша, сырт алаңда Словениядан 3:0 есебімен ұтылдық.

Станислав Черчесов, Ұлттық құраманың бас бапкері:

- Австрия құрамасын  өте жақсы білеміз. Иә, араларында танымал ойыншылар көп. Десе де, олардың есімдері біздің жігіттерге кедергі болмау керек. Керісінше, осы мачта барлық шеберлігімізді көрсетіп, қарсыластан кем еместігімізді дәлелдеуіміз керек. Өте тартысты кездесу болады.  Алдағы ойынға тыңғылықты дайындалып жатырмыз.