Қазақстан Австриядан жеңілді

Футболдан УЕФА Ұлттар Лигасының кезекті матчтары өтті.

Қазақстан құрамасы бұл жолы сырт алаңда Австрия аяқдопшыларымен кездескен еді. Линц қаласындағы ойын 4:0 есебмен аяқталды. Бірніші таймда алаң иелері сапындағы Кристоф Баумгартнер гол соқты. Ал, екінші таймда Филипп Линхарт, Марсель Забитцер және Маттиас Зайдль таблодағы нәтижені еселеді. Осылайша ірі есеппен жеңілген жерлестеріміз өз тобының ең соңғы сатысына сырғыды. Қазақстан еншісінде 1 ғана ұпай бар. Топ басында 7 ұпаймен Норвегия тұр. Ал, Австрия мен Словения құрамалары 4 ұпаймен, сәйкесінше, екінші және үшінші орындарға жайғасты. Станислав Черчесов баптайтын жігіттер келесі кездесуін 13-ші қазанда өткізеді. Алматы қаласында Словения құрамасын қабылдайды.

Станислав Черчесов, Ұлттық құраманың бас бапкері:

- Ойын барысында көп қателестік. Өз мүмкіндіктерімізді мүлт жібердік. Ал, Австрия құрамасы өте жоғары деңгейде ойнап, айқын басымдық танытты. Енді осы матчтан өзіндік қорытынды жасап, қателкпен жұмыс істейміз. Ірі есеппен ұтылсақ та, командада алға ілгерілеушілік барын байқадым. Енді Словениямен қарымта матч күтіп тұр. Осы кездесуде жақсы ойын өрнегін көрсетіп, есемізді қайтаруымыз керек.  

Иә, Словения құрамасымен бұған дейін сырт алаңда кездестік және матч 3:0 есебмен аяқталды. Жалпы осы Станислав Черчесов бас бапкер болғалы ұлттық құрамамыз бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ. Әрине, Алматыда болатын матчта жігіттер барын салып, есені қайтаруға тырысады. Бір өкініштісі, ұлттық құраманың үздігі Бақтияр Зайнутдинов  бұл ойынға қатыса алмайды. Өйткені, Австрияға қарсы мачта сары қағаз алды. Бұл оның осы турнирдегі екінші ескертуі. Сәкесінше, Бақтиярға алдағы мачты сырттай тамашалауға тура келеді. Қалған жігіттерге сәттілік тілейміз.

ҚХЛ: «Барыс» жеңіске жетті

«Барыс» жеңіске жетті. Елордалық клуб 12 матчқа созылған жеңілістер сериясын үзді. Қазақстандық команда Құрлықтық хоккей лигасы аясында өз алаңында Омбы қаласының «Авангард» командасын қабылдаған болатын. Мачтағы жалғыз шайба бірінші кезеңде соғылды. 15-ші минутта  Даниил Апальков мергендігімен өкзге түсті.  Қалған екі кезеңде командалар өткір шабуылдағанымен, таблодағы есеп өзгермеді. Еске салайық, соңғы екі маусымда да сәтсіз өнер көрсеткен «Барыс» бас бапкерін бірнеше рет ауыстырған болатын. Бұл еш нәтиже бермегендіктен жуырда ғана клубтың бас директоры Борис Иванищев отставкаға кетті. Астаналық команда келесі кездесуін тағы да өз алаңында өткізеді. 16-шы тамыз күні бұнда Уфа қаласының  «Салават Юлаев» клубы келуі керек. 

Үстел теннисінен Азия чемпионаты

Қазақстан жетінші орында. Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Байрақты бәсекеге 26 мемлекеттен 200-ден аса спортшы жиналды. Ерлер арасындағы командалық сында жерлестеріміз тарихи нәтиже тіркеді. Яғни, жарыс қорытындысы бойынша 7-ші орынға тұрақтады. Бұл салыстырмалы түрде құрлықтық додалардағы ең жоғары көрсеткішіміз саналады. Кирилл Герасименко, Алан Құрмангалиев және Айдос Кенжеғұлов үштігі бұл жолы Иран командасымен кездескен еді, Тартысты өткен ойындар сериясында жерлестеріміз  3:1 есебмен жеңіске жетті. Ерлер арасында бас жүлдені Қытай құрамасы иеленді. Ад, әйелдер арасында Жапония құрамасы жеңімпаз атанды. Байрақты бәсеке бүгін де жалғасын табады. Енді жұптық және жекелей сындар бойынша медальдар сарапқа салынады және қазақстандық қыз-жігіттер жеңіс тұғырына көтеріледі деп үміттенеміз. Астанадағы Азия чемпионатының жалпы қорытындысы 14-ші қазанда белгілі болады.

Әлімханұлы мен Шираз жұдырықтасады

Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен жұдырықтасады. Бүкіләлемдік бокс ұйымы қос мықтыны кездесуге міндеттеді. Яғни Жәнібек WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғауы қажет. Сәйкесінше, екі боксшының менеджерлеріне келісім жасасу үшін 15 тәулік уақыт берді. Ұлыбританиялық Хамза Шираз WBO және WBC тұжырымдары бойынша әлемдік рейтингте бірінші тұр. Ол бүгінге дейін 25 кездесу өткізіп, бірде-бір жеңілмеген. 21 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған. Жәнібектің көрсеткіші 16 жекпе-жек, 16 жеңіс. Жерлесіміз WBO мен IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Ол бірер күн бұрын жаңазеландиялық Андрей Михайловичті нокаутпен ұтқан болатын. Соның арқасында,  чемпиондық атақтарын қорғап қалды. Тіпті көп ұзамай келесі кездесуге де дайын екенін жеткізді. « Жұрттың бәрі менің Хамзамен жекпе-жек өткізуден қашып жүр деп айыптаған еді. Енді күтіңдер. Көрдіңіздер ме, енді бәрі ресми! Мен және менің командам дайы. Көрдіңіздер ме, енді бәрі ресми», - деді Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында. Сөз соңында Хамза тарапының жауабын тағатсыздана күтіп отырғанын алға тартты.