Асық атқан көлік мінеді
Қазір 90 мыңға жуық қазақстандық сақа ұстап, ұлттық ойынымызды ұлықтап жүр.
Бұдан бөлек, 800-ге жуық жаттықтырушы бар. Төрешілердің де қатары артып, кәсіби біліктілігі көтеріліп келеді. Сайыстар да жүйелі ұйымдастырылып жүр. Алда республика күні қарсаңында ел ішілік турнир өтеді. Онда әр өңірден іріктеліп шыққан 40 мерген өзара мықтыны анықтайды. Оларды ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар бар. Жүлдеге көлік те тігіледі.
Олжас Құспеков, Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясының президенті:
- Биылғы турнирімізді 20 жастан жоғары жасап жатырмыз. Келесі жылы бұл жас деңгейін төмендете бастаймыз. Қазір бізде орг комитет шешу үстінде, қаржылай келген кезде басы 10 млн болатын болса, аяғы 5 млн, сосын 3 млн шамасында сыйлықтар болады. Ол мүмкін мотоцикл болуы мүмкін. Қазір жүлде қорының жалпы ұйымдастыру комитеті шешіп қарастырып жатыр.
Ескендір Рахметов, Астана қалалық Асық ойыны федерациясының төрағасы:
- Топ ойындарға бөлеміз, ол жерде төрт, сегіз топ болады. Келген ойыншыларға байланысты. Біз күтіп жатырмыз 40 қатысушы, 36 келуі мүмкін. Топтық ойындарда мықтыларды анықтап, бірінші орын алғандарды жартылай финал, одан финалдық ойындарға қатыстыртамыз. Мұнда 6 жоғары санаттағы ұлттық спорттық төрешілер бар, 10 ұлттық спорт төрешілері бар.