«Жұмыртұяқ» бәйгеден ел чемпионатына қатысады
Хамза Амангелді тұлпардың терін алып, Алматыдағы аламанға бәйгеге баптап жатыр.
Елдегі жүйріктердің басын қосатын дүбір 6 бағытта өтеді. Яғни, құнан 12, топ 18, аламан бәйге 25 шақырымға созылады. Сондай-ақ жергілікті құнан жарыс пен 35 шақырымға созылатын аламан додасы да ұйымдастырылады. Ал жорға жарыс 9 шақырым. Республикалық бәйге федерациясының атқарушы директоры Алтай Бименнің айтуынша, бұл бәйгеде шабандозға талап жоғары.
Алтай Бимен, республикалық «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры:
- Балалардың қауіпсіздігі үшін бізде ереже қатаң қарастырылған. Яғни бірінші ретте бас киім. Бұл – бұрында болмаған нәрсе. Екінші алдағы маусымда біз балаларға қауіпсіздік желетінде жоспарға енгізсек деген ойымыз бар. Баланың анықтамасы болу керек бәйгеге қатысуға жарамды деген. Баланың салмағы 28 келіден асу керек. Жасы 9 жастан болғаны дұрыс.