Ұлттар лигасы: Қазақстан Словениядан ұтылды

Жаңа бапкер келгелі бірде-бір гол соға алмадық.

Футболдан УЕФА Ұлттар лигасының кезекті мачтары өтті және Қазақстан бұл жолы Словения құрамасымен жолықты. Топтық кезең аясындағы кездесу Алматы қаласында болды. Оның барысында қонақтар сапындағы Ян Млакар 55-ші минутта мергендігімен көзге түсті және  һосы нәтиже ойын соңына дейін өзгермеді. Қорытынды есеп: 1:0. Айта кету керек, бірер ай бұрын ұлттық құраманың бас бапкері болып Станислав Черчесов тағайындалған еді. Ресейлік маман келгелі командамыз 4 матч өткізіп, оның 3-еуінде есе жіберді. Бір кездесу тең ойнадық. Қарсыластар қақпасына әлі гол соға алмадық. Бас жаттықтырушының өзі бұл жағдайды былай түсіндірді.

Станислав Черчесов, ұлттық құраманың бас бапкері:

- Қарсыластардың қай-қайсы да мықты екенін білесіз. Соған қарамастан әр олйын сайын шеберлікті шыңдап келеміз. Бүгін бірнеше мүмкіндігіміз болған. Бірақ, голға айналдыра алмадық. Бұндай жағдайда сапалы командалық ойын керек. Жігіттер барын салып жатыр. Десе де, әлі де біраз нәрсе қосуымыз керек. Дайындық барысында үнемі не қажеттігін айтамыз. Алдағы мқастарда содан дұрыс қорытынды жасалады деген үміттемін.

Сонымен, Қазақстан құрамасы 4 ойында бір ғана ұпай жинады және өз тобының ең соңғы сатысында тұр. Бірінші орынға Норвегия командасы жайғасты. Одан кейін Австрия мен Словения келеді. Барлығында да 7 ұпайдан. Қазақстан құрамасы кезекті кездесуін 14-шің қарашада өткізеді. Елімізге Австрия құрамасы қарымта мачт өткізуге келеді. Ал 17-ші қарашада сырт алаңда Норвегия командасымен жолығамыз. Өкініштісі сол, алдағы ойынға ескерту қағазының көптігіне байланысты ұлттық құрамадағы  Нұралы Әліп пен Ислам Чесноков қатыса алмайды.

Abu Dhabi Grand Slam: қоржынымызда үш қола

Қоржынымызда үш қола. Абу Даби қаласында дзюдодан әлемдік гранд-слэм мәресіне жетті. Оған 33 мемлекеттен 236 спортшы қатысқан болатын. Еліміз атынан оған 13 ұлттық құрама өкілі аттанды. Нәтижесінде, әйелдер арасында ең жеңіл салмақтағы Әбиба Абужақынова қола жүлдегер атанды. Айта кету керек, ол Париж олимпиадасынан кейін енді татамиге оралып тұр және ә дегеннен үздіктер қатарына кірді. Ерлер арасында 60 келі салмақта қола жүлде үшін қос қазақ күресті. Мағжан Шамшадин мен Дәурен Сүйеукенов арасындағы белдесуде кейінгісі жеңіске жетті. Дәурен үшін бұл әлемдік гранд-слэмдегі екінші жүлде. Ол  2021 жылы Қазан қаласындағы жарыста жеңіс тұғырына көтерілген еді. Сонымен қатар, тағы бір жерлесіміз  Назгүл Маратова да өз салмақ дәрежесінде үздік үштікті түйіндеді. Назгүл 78 келіден жоғарығылар арасында сынға түсекен болатын және ол өзінің кәсіпқой мансабында алғашқы Grand Slam турнирінің медалін жеңіп алып отыр. Осылайша ұлттық құрама өкілдері 3 қола жүлде еншілеп, жалпы командалық есепте 11-ші сатыға тұрақтады.

Назым Қызайбай – ұлттық құрама капитаны

Назым Қызайбай – ұлттық құрама капитаны. Париж олимпидасының жүлдегеріне жаңа міндет жүктелді. Қазақстан құрамасының кезекті жаттығу жиыны аясында бапкерлер мен боксшылар осындай ортық шешім қабылдап, назымды капитан ерітнде таңдады.  «Капитан сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де команданың көшбасшысы болуы керек. Біз үшін ең бастысы - жаттықтырушыларымыз айтқан нұсқауларын орындау, жақсы дайындалу және тәртіпті сақтау. Менің ойымша, біздің командадағы әрбір қыз өзінің алға қойған мақсаты айқын, құрамада не үшін жүргенін біледі. Елімізді халықаралық жарыстарда абыроймен қорғап, көк байрағымыз әлі талай көкке көтереміз. Әнұранымызды әлемнін түкпір-түкпірінде шырқатуға барымызды саламыз!

«Біздің мақсатымыз – әлемдегі нөмірі бірінші команда болу!» деген жазба қалдырды Назым әлеуметтік желідегі парақашасына. Қазақ қыздары қазір Түркістан облысында дайындықты пысқытап жатыр. Олар Иорданияда өтетін Азия чемпионатына қатысады. Құрлықтық дода 30-шы қараша мен 11-ші желтоқсан күндері аралығында өтеді. Осы мақсатта Қарағанды қаласында арнайы турнир ұйымадстырылып, ұлттық құрама жаңадан жасақталған болатын. Енді ел намысын қорғайтын спортшылар жоспарға сәйкес бірнеше жатығу жиынына қатысады.