Еркін күрестен Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионы атанды
Албания астанасы Тиранада олимпиадалық емес салмақтарда еркін күрестен өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында жерлесіміз жапон балуанын жеңді, деп хабарлайды 24kz.
Бірінші кезең 1:0 есебімен жапониялық спортшының пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде Нұрқожа 3:1 есебімен алға шықты. Қорытынды есеп – 5:3. Осылайша, Қайпанов ел тарихында әлем чемпионаты атанған екінші балуан атанды. Ол осыдан бес жыл бұрын Астанада өткен әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанған болатын. Отандасымыз іріктеу кезеңдерінде Израиль, Молдова, Грузия, Тәжікстан балуандарын уақытынан бұрын ұтты. Бұған дейін Албания астанасында өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Ержет Жарылқасын, ал әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова күміс жүлдегер атанған болатын.
World Boxing: екі боксшымыз финалға шықты
Екі боксшымыз финалға шықты. АҚШ-тың Пуэбло қаласында World Boxing федерациясы аясында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігінің жартылай финалында Асылхан Көшербай мен Даниял Райымбеков жеңіске жетіп, ақтық сайысқа жолдама алды. Енді финалда Асылхан аустралиялық Купер Макконеллмен шаршы алаңға шығады. Ал Даниял уэльстік Дэниел Питтпен кездеседі. Бұл әлем чемпионатында 30 елден 180 спортшы қатысып жатыр.
Айта кетейік, 55 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Аманғалиев пен 70 келідегі Диас Серікұлы іріктеу кезеңдерінен аса алмаған болатын. Әлем чемпионаты 2 қарашаға дейін жалғасады
Әлем біріншілігінде 7 боксшымыз финалға шықты
Черногорияның Будва қаласында IBA ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде 7 боксшымыз финалға шықты. Дәлірек айтсақ, 51 келіде Бексұлтан Боранбек, 67 келіде Төрехан Сабырхан, 71 келіде Өнер Сейілхан, 75 келіде Санжарәлі Бегалиев жартылай финалда жеңіске жетіп, ақтық сынға жолдама алды. Ал қыздар арасында 50 келіде Елянур Турганова, 66 келіде Ұлдана Таубай, 81 келіде Аружан Зейннолаева алтынға бір қадам жақын қалды.
Айта кетейік, бұған дейін 17 спортшымыз жартылай финалға шыққан болатын. Бұл ұлттық құраманың жастар санатындағы біздің команда үшін рекордтық көрсеткішке баланып отыр. Енді 7 боксшымыз финалда өнер көрсетсе, 10 былғары қолғап шебері әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр. Финалдық жекпе-жектер 2-3 қараша күндері өтеді.
«Қайрат» пен «Семейдің» қарсыластары белгілі болды
«Қайрат» пен «Семей» командаларының футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды. Алматылық команда элиталық кезеңде «Олмиссум», «Этуаль» және «Динамо» клубтарымен B тобында сынға түседі. Бұл топтың ойындары Хорватияның Загреб қаласында өтеді. Ал «Семей» элиталық кезеңде D тобында «Пальма», «Лученец» және «Рекорд» командаларымен шеберлік байқасады. Аталған ұжымдар Испанияның Мальорка қаласында топтағы жалғыз жолдаманы сарапқа салады.
Айта кетсек, UEFA Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі 26 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтеді.
«Ақжайық» клубы жабылуы мүмкін
«Ақжайық» жабылуы мүмкін. «Жеңіс» клубының бас директоры Айдын Қожахмет Оралдық клубтың халі мүшкіл екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Telegram-дағы парақшасында жазды. Автордың сөзінше, клуб қаражат көзін тездетіп таппаса, онда жуық арада жабылуы мүмкін. «Ақжайық» футбол клубының жанкүйерлері үшін жағымсыз жаңалық. Егер клуб басқа қаржыландыру көзін таппаса, онда чемпионаттан шығарылып, жабылуы мүмкін. Себебі жергілікті биліктен қолдау көрсетілмейді. Бұл Оралда футбол болмайды деген сөз емес. БҚО әкімдігі алдағы жылы «Батыс» деп аталатын басқа заңды тұлғаны қаржыландыруды көздеп отыр. «Бұл клуб келесі жылы жорығын екінші лигадан бастайды деп күтілуде», - деді Қожахмет. Айта кетейік, қазір Ақжайық бірінші лигада 24 ұпаймен 11 орында келеді.
«Қайрат» жастары футболдан Қытайда өткен халқаралық турнирде жеңіске жетті
«Қайрат» жастары футболдан Қытайдың Сиань қаласында өткен халқаралық турнирде жеңіске жетті.
Алматылық команда топтық кезеңде 2 жеңіс және 1 жеңіліс нәтижесімен 6 ұпай жинап, келесі кезеңге екінші орынмен жолдама алды.
Иә, жартылай финалда алматылық жастар А тобының жеңімпазы өзбекстандық команданы қапы қалдырды. Артынша финалда Қытайдың жастар құрамасын пенальти сериясында жеңді.