Астанада аралас жекпен-жектен халықаралық турнир басталды

Онда қазақстандық спортшылар халықаралық ММА мектебінің өкілдерімен жұдырықтасады, деп хабарлайды 24kz.

Бас-аяғы он елден келген 12 жұп өзара мықтыны анықтайды. Ал кештің басты кездесуінде Dala Fighting Championship белдеуі сарапқа салынады. Отандық саңлақтардың сабында Василий Тахтай, Еркебұлан Тоқтар, Аян Тұрсын сынды танымал спортшылар бар. Байрақты бәсеке Қазақстанның аралас жекпе-жек федерациясы мен «Дала қырандары» ұлттық қорының қолдауымен өтіп жатыр.

Мейірболат Тоитов, «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің координаторы:

- Осы он екі жұпта ең маңызды жекпе-жек ол Василий Тахтай Уилл Шоп және АҚШ-тан келген боксшымен. Бұл ақтық бойда біз Dala Fighting Champiomship деген белбеуді ортаға саламыз. Сол жеңгені сол белбеуге ие болады.