Қосшыда «Ауыл спорт – 2024» лигасының облыстық іріктеу кезеңі өтіп жатыр

Еліміздің барлық өңірінде «Ауыл спорт – 2024» лигасының облыстық іріктеу кезеңі өтіп жатыр.

«Халық» қайырымдылық қоры ұйытқы болған спорттық додаға 8-14 жас аралығындағы ауыл балалары қатысу мүмкіндігін алды. Ақмола облысы бойынша барлығы 200-ге жуық оқушы волейбол, баскетбол, бокс, каратэ, еркін күрес және шахмат спортынан өзара сынға түсіп жатыр. Таяуда Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жеңімпаздар анықталды. Қараша айының соңында Қостанай өңірінде іріктеу кезеңі өтеді. Мыңнан оза шапқан мықтылар желтоқсан айында Алматы қаласында өтетін ақтық кезеңге жолдама алады.

Жаннұр Таттыбаева, «Auyl Sport – 2024» лигасының қатысушысы:

- Біздің команда Қараөткел ауылынан Целиноград ауданынан IT мектеп лицейінен келіп тұрмыз. Біздің мақсатымыз - бірінші орын алу және Алматыға жолдама аламыз. Қарсыластарымыз жақсы ойнайды. Біз "Жігер" және "Родина" командаларына қарсы ойнаймыз. Жеңеміз деп ойлаймын.

Дәурен Нұрғожин, «Auyl Sport – 2024» лигасының ұйымдастырушысы:

- Керемет жоба деп айтуға болады. Көптеген Олимпиада жүлдегерлері ауылдан шыққан. Қазір ауыл балаларында бәрінде бірдей жарысқа шығатындай жағдай жоқ. Қаланың балалары техника жағынан басым болып тұрады. Сондықтан ауыл балалары арасында жақсы іс-шара өтіп, ары қарай үлкен дәрежелерге жетеді деп сенеміз.