Бокстан Қазақстанның жастар құрамасы елге оралды
Бүгін жеңімпаздарды Алматы халықаралық әуежайында туыстары мен жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды 24KZ. Айта кетейік, жас былғары қолғап шеберлері тарихи нәтиже жасады. Олар 6 алтын алқаны жеңіп алды.
Қазақ бокс тарихындағы тамаша жетістік. Жастарымыз Черногорияның Будва қаласында өткен әлем чемпионатында 17 медаль жеңіп алды. Әуежай іші думанға бөленді. Еуропа төрінде топ жарған ұл-қыздарын жақындары құшақ жая қарсы алды.
Боранбек Бексұлтан, бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы:
- Әлемдік дода болған соң осал қарсылас жоқ. Жоғары деңгейде дайындалып барып, ел үмітін ақтау үшін бар күшімізді салып, әлем чемпионы атындық. Қазақстанның қолдауы білін жатады.
Сондай-ақ өз салмақтары бойынша финалда ұлттық құрама капиатаны Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев және Өнер Сейілхан қарсыластарынан басым болды. Ал қыздар арасында 81 келідегі Аружан Зейноллаева мен 50 келідегі Елянур Тұрғанова алтын алқа тақты.
Аружан Зейноллаева, бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы:
- Әрқайсысына жеке-жеке тактикалық жұмыс жасадық. Барлығы жоғары деңгейде өтті десем болады. Алдағы уақытта Олимпиада 2028 жылы. Соған дайындаламыз.
Елянур Тұрғанова, бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы:
- Күшті болды жарыс. Өте жақсы болды. Өте қуаныштымын. Барлықтарыңызға рақмет айтқым келеді. Үйдегілер де келіп жатыр.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан медальдік есепте Өзбекстан мен Ресейден озып, бірінші орынға шықты.
Авторлары: А. Садуақас. Р. Жақыпов.