Боччадан Қазақстан кубогы мәресіне жетті

Үш күнге жалғасқан сайысқа елдің 14 өңірінен 86 параспортшы қатысты, деп хабарлайды 24KZ. Ересектер мен жасөспірімдер арасындағы төрт дәреже бойынша жеңімпаздарға 40-қа жуық медаль табысталды. Сондай-ақ параспортшылар арнайы кубок және алғысхатпен марапатталды.

Салтанатты шараға Сенат төрағасы әрі Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты. Ол өз сөзінде бұл спорт түрінің маңызына тоқталды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті:

- Кейінгі жылдың өзінде бочча үйірмесіне қатысушылар қатары 20%-ке көбейген. Бүгінде боччаны дамыту үшін барлық бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл – Мемлекет басышының айтқан «инклюзивті Қазақстанның құрылуы» жолындағы маңызды қадамдардың қадамдардың бірі. Яғни, еліміздің кез келген азаматы өзінің проблемасымен бетпе-бет қалмауы тиіс. Олар қоғам тарапынан барлық қолдауды сезінуі қажет.

Дамир Әлімжан, параспортшы:

- Басқа да жарыстарға 3 жылдан бері барып жүрдім. Бірінші орын алған кездерім болды. Осы жылы республикалық жарысқа келіп қалдық. Екінші орын алдым. Былай өте қиын болды. Бірақ ұтуға тырыстық.