Алматыда шайбалы хоккейден Азия чемпионаты басталды

Қазақстан Оңтүстік Кореядан ұтылды. Алматы қаласында шайбалы хоккейден Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды 24kz.

Айта кету керек, Алматы алғаш рет құрлықтық доданы қабылдап жатыр. Халықаралық хоккей федерациясының күнтізбесіндегі жарысқа Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай құрамалары қатысуда. Жарыстың бірінші күні Олег Болякин баптайтын ұлттық құрамамыз Оңтүстік Корея командасымен кездесіп, 4:1 есебімен есе жіберді. Есепті екінші кезеңде қонақтар ашты. Атында Қазақстан сапындағы Александр Борисевич таразы басын теңестірген. Бірақ Корея хоккейшілері матч соңына дейін тағы 3 шайба соғып, жеңісті жұлып алды. Жапония мен Қытай арасындағы ойын да дәл осындай нәтижемен аяқталды. Енді ертең Қазақстан құрамасы Жапония жігіттерімен жолығады. Ал, 9 қарашада Қазақстан-Қытай матчты өтеді. Алматы қаласындағы Азия чемпионаты 10 қарашаға дейін жалғасады. Кездесулер Halyk Arena мұз сарайында болып жатыр.

Айта кетейік, құрлықтық дода қатысушы командалар үшін алдағы жылдың ақпан айында Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқа Азия ойындарына негізгі дайындық болып есептеледі.

 

Алексей Ни өмірінің соңына дейін спорттан шеттетілді

Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Алексей Ни өмірінің соңына дейін спорттан шеттетілді. Мұндай шешімді Халықаралық тестілеу жөніндегі агенттік шығарды. Нидің мұндай жаза алуына Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рахимовтардың допингпен ұсталуы себеп болды.

Қазақстан допингтің расталуына байланысты 6 бірдей алтын медальден айырылды. Алексей Ни 1994 пен 2016 жылдар аралығында ұлттық құраманың бапкері болды.

Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көтерілді

Жәмиля әлемдік рейтингте көтерілді. Біріккен күрес әлемі ұйымы соңғы жарыстардағы көрсеткіштерді саралап, үздік спортшылардың тізімін жаңартты. Оған сәйкес әйелдер күресінен ұлттық құрама мүшесі Жәмилә Бақбергенова төртінші орыннан екінші орынға көтерілді. Оның еншісінде қазір 45 000 ұпай бар. 72 келіде өнер көрсететін жерлесіміз жуырда ғана Албанияның Тирана қаласында өткен әлем чемпионатында күміс алған болатын. Ол барлық қарсыласын ұтып, финалда жапониялық Ами Исииге ғана есе жіберді. Әлемдік рейтингтің де көш басын осы Исии бастап тұр. Үздік үштікті румыниялық Александра Николета Ангел түйіндеді.

Айта кетейік, Жәмиля осымен әлем чемпионаттарында қатарынан 4 жыл жеңіс тұғырынан көрінді. Тарихи жетістік деуге болады. Бұған дейін 2021-2022 жылдары күміс алса, 2023 жылы қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

 

Иван Дычко алдағы айда жұдырықтасады.

Қазақстандық кәсіпқой боксшының келесі кездесуіне қатысты ақпарат шыға бастады. Белгілісі – ол 27 желтоқсан күні Алматы қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Бұл жөнінде жауапты промоутерлік компания мәлімдеді. Дычко соңғы жекпе-жегін биыл тамыз айында америкада өткізді. Ол жергілікті Крейг Льюиспен кездесіп, екінші раундта қарсыластын нокаутпен жеңді. Жалпы Дычко бүгінге дейін кәсіпқой рингте 13 кездесу өткізіп, 13-інде де басым түсті. Тіпті оның 12-сін уақытынан бұрын аяқтады. Дычконың келесі қарсыласына қатысты әзірге нақты ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, бірер ай бұрын спорт порталдары «қазақстандық Иван Дычко мен өзбекстандық Бахадүр Жалолов кездесуі мүмкін» деген мәлімет таратты. Қос мықты әуесқой бокста 4 рет кездесіп, 4-еуінде де жерлесіміз жеңіске жетті. Қазір екеуі де кәсіпқой бокста өнер көрсетеді.

 

Алматыда баскетболдан ел біріншілігі өтіп жатыр

Шымкенттік өрендер ел үздігі атанды. Алматы қаласында басбкетболдан 15 жасқа дейінгі ұлдар арасында күзгі ішкі біріншілік өтті. Еліміздің әр өңірінен келген 15 команда алдымен топтық кезеңде өзара мықтыны анықтады. Үздік шыққан төрт команда жүлделі орындарды сарапқа салды. Алдымен қола жүлде үшін Қарағанды мен Атыраудың командалары кездескен болатын. Сарыарқа баскетболшылары тартысты ойында табандылық танытып 70:54 есебімен жеңіске жетті. Ал бас жүлде үшін Алматы және шымкенттік өрендері шеберлік байқасты. Бастапқы кезеңде алаң иелерінің қарқыны күшті еді. Уақыт өте шымкенттіктер тізгінді қолға алып, қарсыластарынан ұзай берді. Матчтың қортынды нәтижесі 61:31. Оңтүстік өрендері ел чемпионы атанды.