Темірлан Көлбай самбодан әлем чемпионы атанды

Қазақ балуаны Астанада өтіп жатқан дүниежүзілік біріншілікте аса ауыр салмақта топ жарды.

Финалда ол моңғолиялық Пуревдорж Дамдинчуреннен басым түсті. Темірлан шешуші сынға дейін Жапония, Гондурас, Өзбекстан және орыс балуанын жеңді. Әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақ елінің құрамасы спорттық самбодан бір алтын, екі қола медаль ұтып алды. Арман Қабдолов пен әйелдер арасында Арайлым Әбенова үшінші орынға табан тіреді. Жауынгерлік самбо сайысында Құралай Кабрайқызы мен Маратбек Рахметоллин үздік үшіктен көрінді. Астанадағы белдесу бәсекесіне 80 елдің 470 балуаны келді. Қазақстан атынан 28 спортшы тіркелген. Әлем чемпионаты 10-шы қарашада аяқталады. Биылғы біріншілікте тұңғыш рет жауынгерлік самбодан әйелдер арасында белдесулер өтіп жатыр. Параспортшылар да самбодан кім мықтыны анықтайды.