Шахматтан әлемдік гран-придің екінші кезеңі мәресіне жетті

Шымкентте әйелдер арасында шахматтан әлемдік гран-при турнирінің екінші кезеңі мәресіне жетті.

Зияткерлік сайыста Ресейлік Александра Горячкина жеңіске жетті. Екінші орын қытайлық Тань Чжуньиге бұйырды. Ал отандасымыз Бибісара Асаубаева үшінші орынға тұрақтап, қола медаль еншіледі. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 600 мың доллар. Оның 120 мың доллары – жалпы есепте үздік болған он ойыншыға үлестіріледі. Ал ең көп ұпай жинаған қатысушы 2026-шы жылы өтетін «шахмат тәжі» жарысының жолдамасына ие болады.

Бибісара Асаубаева, шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы:
- Турнирді екіге бөліп айтайын. Себебі 5-ші кезеңге дейін жақсы ойнап, өзіме көңілім толды. Ал кейін ауырып қалдым. Бірақ сырқатыма қарамастан қарсыластарыммен ойынға шықтым. Бұл жолы Катерина Логно және Александра Горячкинамен жарысым тартысты болды. Енді жыл соңында Нью-Йоркте өтетін әлем чемпионатына баруды жоспарлап отырмын.