«Ауыл ойындары – 2024» турнирі басталды

Астанада ұлттық ойындардан республикалық турнир басталды.

Студенттер екі күн бойы асық ату, ләңгі тебу, садақ ату, тоғызқұмалақ және қазақ күресінен сынға түседі. 10-нан астам жоғары оқу орны жарысады. Жеңімпаздарға кубок пен медальдар табысталады. Спорт шарасы ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орайластырылған. Оған «Ауыл» партиясы мұрындық болып отыр.

Жигули Дайрабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұл біздің қазақи салт-дәстүрді әрі қарай уағыздау. Бұл турнирге осы төңіректегі, Орталық Қазақстандағы ауыл шаруашылығына қатысы бар азаматтар, студенттер қатысып жатыр.

Жангелді Маратов, қатысушы:
- Қарсыластар да өте жоғары деңгейде дайындалып келгені көрінеді. Республикалық деңгейде өтіп жатқандықтан, басқа қаладан да қатысушылар келіп отыр. Әрине дайындықтары жақсы, дегенмен біз өз қатысушыларымызға сенеміз.