World Class фитнес-клубтар желісі елуден астам топтық жаттығуды ұсынады

Отандық нарыққа осыдан тура 20 жыл бұрын келген World Class фитнес-клубтар желісі әуесқой спортшыларға 50-ден астам топтық жаттығуларды ұсынады.

GREEN, яғни "жасыл форматта" қызмет көрсететін қос клубтың 2 мыңнан астам тұрақты келушісі бар. Олардың көбі - жастар.

Ботаникалық саябақ аумағында орналасқан "World Class Green" осыдан 2 жыл бұрын ашылды. "Жасыл" форматта қызмет көрсететін бұл фитнес-клубқа көбіне жастар келеді. Ал балалар мен егде жастағылар бассейні бар "қызыл" форматтағы клубтарды таңдайды. Негізгі айырмашылық осыда. Мұнда алғаш келушілердің қатарында Айжан Едгина да бар. Оған құрбысы тұрақты баруға арналған абонемент сыйлаған. Әуесқой спортқа деген қызығушылығы осыдан басталды. 

Айжан Едгина, қала тұрғыны:

- Соңғы 2 жыл ішінде артық салмақтан арылдым. Бұлшық етімді қатайттым. Өмір сүруімнің сапасы артты. Денсаулығым оңалып, бойыма күш-қуат дарыды. Өзімді әлдеқайда жас және сергек сезінемін.

Бұл клубта көңілді әрі ырғақты әуенді тыңдай жүріп орындалатын сайкл-жаттығулары да бар. Тағы бачата, хайхилс және зумба билерін үйретеді. Әр жаттығушының жеке талабы ескеріледі. 

Ерсұлтан Тұрсынбай, жаттықтырушы:

- Бір жас жігіт болды. 3 айдың ішінде 15 келі артық салмағын тастады. Ол баланың өзінің дисциплинасы да жақсы болды. Алға қойған мақсаттарын анық білді. Сондықтан біз мақсатқа тез жеттік. Өзіне деген сенімділігі артты. 

Александр Трот, "World Class Green" фитнес-клубының басқарушысы:

- Боди-комбат, боди-памп және боди бэланс бойынша білікті жаттығушыларымыз қызмет етеді. Сондай-ақ бокс пен спаррингке арналған шаршы алаң және күрес пен греплингке арналған татами бар. Алдағы уақытта арнайы спорттық массаж кабинеті де ашылады.

Айта кеткен жөн, бұл World Class Green-нің бас шаһардағы екінші клубы. Ай сайын фитнес-орталық тұрақты келушілері үшін түрлі жеңілдік ұсынады. Салауатты өмір салтын ұстанамын деген кез келген клиент қолайлы науқаннан кенде қалмайды.

Мирлан Алтынбек, Ғалымжан Абдылахат, Жанаман Ерғалиев