Олимпиада чемпионы жаттықтырушыларды қолдау мәселесіне назар аударды
Respublica партиясының өкілдері спортшылармен кездесті. Басқосуға әлемдік додаларда топ жарып жүрген танымал атлеттер келді. Жиында саладағы түйткілдер талқыланып, оны заңнамалық тұрғыда шешу жолдары қаралды. Париж Олимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбек жаттықтырушылар еңбегіне де лайықты қолдау көрсетілу керегіне назар аударды.
Бұл сөзге партия төрағасы қолдау білдіріп, Мәжіліс қабырғасында көтеретінін жеткізді. Сондай-ақ кездесуге қатысқан спортшылар партия құндылықтарын қолдайтынын мәлімдеп, Respublica қатарына қосылды. Оларға арнайы партбилеттер табысталды.
Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Сіздердің істеріңіз, мінездеріңіз шынайы дәріптейтін қасиеттер. Соны біз жастарға көрсетуіміз керек. Мен әр спортты қолдаймын, қандай жағдай болса да, хабарласа аласыздар. Мен әрдайым дайынмын, есігім ашық.