Астанада ең жас футболшылар арасында республикалық турнир өтіп жатыр

Ең жас футболшылар арасындағы республикалық турнир. Астанада 2016 жылы дүниеге келген өрендер арасында аладоп аламаны болып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Жергілікті спорт мектебінің жасыл алаңына еліміздің түкпір-түкпірнен 8 команда жиналды. Олар 3 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Яғни, ересектер футболындағыдай алдымен топтық кезең ұйымдастырылды. Одан плей-офф, жартылай финал және финал кездесулері өтті. Нәтижесінде елордалық №5 спорт мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Үздік үштікті қарағандылық және тағы бір жергілікті команда түйіндеді.

Айта кету керек, бұл жас деңгейінде балалар арасында Қазақстан чемпионаты өтпейді. «Сондықтан барынша шеберлік шыңдап, тәжірибе толыстыру үшін осындай форматтағы жарыстарды көбірек өткізу керек», - дейді мамандар.