Елордада балалар арасында хоккей турнирі өтті
Елордада 7-8 жас аралығындағы балалар арасында шайбалы хоккейден қайырымдылық турнирі өтті, деп хабарлайды 24KZ. Сайыста жас спортшыларға өз шеберлігін көрсетіп, шақыру кубогының иегері атану мүмкіндігі берілді. Спорттық шарада 80-нен астам қатысушы бақ сынады. Командалар бір айналымдық жүйемен 4 ойын өткізеді.
Жарысты Астана халықаралық Канада мектебі мен The Ulytau Educational Foundation қоғамдық қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Турнирдің мақсаты – жастар арасында шайбалы хоккейді және салауатты өмір салтын насихаттау.
Дмитрий Зеброфф, Астана халықаралық Канада мектебінің директоры:
- Канада – хоккейдің отаны. Сондықтан Астанада 7-8 жас аралығындағы балалар арасында жарыс өткізу идеясы туды. Біз Астана халықаралық Канада мектебінің жүлдесіне арналған хоккей турнирін жыл сайынғы дәстүрге айналдыруды қолға алдық. Оған елордадағы балалар, жасөспірімдер командаларынан бөлек, Қазақстанның өзге де өңірлерінен спортшыларды шақыру жоспарда бар.