Абай облысы Үржар ауданында бес спорт кешені салынып жатыр
Абай облысы Үржар ауданында бес спорт кешені салынып жатыр.
2025 жылы Жанай ауылында соңғы үлгідегі спорт модулінің құрылысы аяқталады. Әлеуметтік маңызы бар нысан жеке инвестор есебінен қаржыландырылған. Бұл мақсатқа 150 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады. Спорт кешені бір мезетте 100-ден астам баланы қабылдай алады. Жаңа нысан өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға серпін бермек. Жалпы Абай облысында 500-ден астам спорт нысаны бар, тағы бесеуінің құрылысы аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, өңірде 14 спорт мектебі жұмыс істеп тұр.
Әсет Баймұрзаев, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:
- Биылғы жылдың өзінде спорт залдар салу бойынша Үржар ауданының Егінсу, Бестерек, Елтай және Барқытбел ауылдарында дәл осындай жұмыстар жалғасып жатыр. Ол да ауыл азаматтарының демеушілігімен салынып жатыр. Бұқаралық спортты дамыту, осы жастарды спортқа баулу мақсатында осы істер жасалып жатыр.