Қазақ футболшысы Словакияда доп тебеді

Қазақстанның хоккейші қыздары жүлдеге таласа алмайды. Италияның Турин қаласында студенттер арасындағы Қысқы Универсиада жалғасып жатыр. Ұлттық құрама топтық кезеңде барлық қарсыласына есе жіберді. Енді жұбаныш кездесуіне қатысады. Яғни 5-ші және 8-ші орындарды сарапқа салады.

Қазақ футболшысы Словакияда доп тебеді

Қазақ баласы Словакияда доп тебеді. Ұлттық құраманың шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек Словакияның «Кошице» футбол клубымен келісімшартқа отырды. Құжат негізінде енді 2,5 жыл сол жақта ойнауы қажет. 22 жастағы Ғалымжан бұған дейін Кипрдің екінші лигасында өнер көрсеткен және 4 ойында 5 гол соққан болатын. Испания жастар құрамасы қақпасын екі рет дәл көздеген қазақ футболшысына Еуропаның басқа да елдерінен сұраныс болған. Жерлесіміз Словакияның таңдапты. Бұл қаншалықты дұрыс шешім екенін уақыт көрсетеді. Барлығы Ғалымжан Кенжебектің өзіне байланысты.

Дәл қазір «Кошице» Словакия біріншілігінде 18 турдан кейін турнир кестесінің 7-ші сатысында келеді. Осы клубтан бір кездері Неманья Матич пен Онджей Дуда секілді мықты ойыншылар шыққан.

Айта кетейік, Ғалымжан – «Қайрат» футбол мектебінің түлегі. Алматылық командада 2024 жылдың тамызына дейін ойнады. Бертін келе «Жеңіс» және «Мақталар» сапында да доп тепді.

 

IBF: Сұлтан Зауырбек алдыңғы бестікте   

Сұлтан Зауырбек алдыңғы бестікте. Халықаралық бокс федерациясы, яғни IBF өткен жылды қорытындылап, әлемдік рейтингті жаңартты. Оған сәйкес қазақстандық Сұлтан Зауырбек 7-ші орнынан 5-ші орынға көтерілді.

Айта кетейік, Сұлтан екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді және бүгінге денін 19 кездесу өткізіп үлгерді. 19-ында да жеңіске жетті. 13-ін уақытынан бұрын аяқтады. 2024 жылдың өзінде ол 3 рет шаршы алаңға шықты. Айта кетейік, Бұл салмақтың чемпионы – ұлыбританиялық Энтони Какейс. Бұған қоса екінші орта салмақта тағы бір қазақстандық боксшымыз бар. Али Ахмедов. Ол жаңартылған рейтингте позициясын жоғалтпай, 15-ші орнын сақтап қалды. Ал орта салмақтағы чемпиондық белдік, бәрімізге белгілі, тағы бір жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлына тиесілі. Бұл салмақ дәрежесінде бірінші орын әзірге вакантты, екіншіде италиялық Этиноса Олиха, үшіншіде британиялық Крис Юбэнк тұр.

 

Қазақ күресі Азия ойындарына қосыла ала ма?

Қазақ күресін Азия ойындары бағдарламасын қосу – стратегиялық мақсат. Бұл жөнінде Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры Дамир Бекбосынов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір еліміздегі федерация халықаралық даму бағытын айқындады және сол бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Былтыр қазақ күресі алғаш рет дүниежүзілік жекпе-жек ойындары бағдарламасына қосылған болатын. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында кеңінен таныстырылды. Жыл сайын тұрақты Азия және әлем чемпионаттары ұйымдастырылады. Аталмыш жарыстар бағдарламасын ұлғайтып, тек ересектер арасындағы емес, жастар мен жасөспірімдердің бәсекесін де қосты. Қазірдің өзінде 40-тан аса елде қазақ күресінің федерациялары ашылып, секциялары жұмыс істеп тұр. «Енді осы жұмыстарды жүйелеп, жақын болашақта Азия ойындары бағдарламсына қосуымыз қажет», – дейді Дамир Бекбосынов.