«Қайсар» легионерлерді елдеріне қайтарды
Қызылордалық клуб енді қазақ балаларынан команда жасақтап, жергілікті жігіттердің шеберлік шыңдауына басымдық бермек, деп хабарлайды 24kz.
Бұндай мәлімдемені бірер күн бұрын обыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев жасаған еді. Енді біз арнайы сол Қызылорда қаласына барып, «Қайсар» клубының жаңадан тағайындалған басшысы Талғат Әбдіғаппарұлын сөзге тарттық. Оның айтуынша, жергілікті ойыншылармен де жоғарғы лигада қалуға болады. «Сол мақсатта жігіттер жасыл алаңда барын да, жанын да салмақ», - дейді жас маман.
Бұған қоса, клуб басшысы мемлекеттік бюджетке салмақ салмаудың амалдарын да қарастырып жатыр. Қазірдің өзінде демеушілер тауып, келісім жасасуға кіріскен. Алдағы мамырда қалада жаңа стадион қолданысқа беріледі. «Сол жерде біраз коммерциялық жобаларды жүзеге асырып, клубты өз шығынын өзі жабатын деңгейге шығаруымыз керек», - дейді жас маман.