Бокс: Бекман Сойлыбаев чемпиондық атаққа таласады
Бекман чемпиондық атаққа таласады, деп хабарлайды 24kz.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың кезекті жекпе-жегіне қатысты ақпарат пайда болды. Ол алдағы айда, нақтырақ айтқанда, 23 ақпан күні Ақтау қаласындағы бокс кешіне қатысады. Қарсыласы – Танзания елінің өкілі Абейд Зуго. Зуго бүгінге дейін 15 кездесу өткізіп, барлығыда да жеңіске жеткен. 13-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Соның арқасында кәсіпқой боксшылар арасында Африка чемпионы. Ал, бүкіләлемдік Boxrec рейтингінде 54-орында тұр. Бекманның көрсеткіші болса, 20 жекпе-жек, 19 жеңіс. Оның 10-ын нокаутпен ұтты. Жерлесіміз бүгінге дейін әртүрлі деңгейдегі титулдарды жеңіп алды. Бекман мен Абейд екінші жеңіл салмақта жұдырықатсады. Кездесу 12 раундқа созылады. Жеңіске жеткен тарап UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанады.
Арбадағы теннистен үздіктер анықталды
Қызылорда қаласында былтыр спорттың осы бағыты бойынша арнайы секция ашылып, жергілікті қыз-жігіттерді кәсіпқой үлгіде үйрете бастады. Енді міне, алғаш рет қалалық турнир ұйымдастырылды. Оған 20-ға жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Бауыржан Кұлынов, Мұрат Ізбенбетов және Сағатбек Қуанышбайұлы жеңіс тұғырына көтерілді. Ал, әйелдер арасында Сая Абашова чемпион атанса, Ақнұр Сматова мен Мөлдір Маханбетова үздік үштікті түйіндеді.
Пара теннис спорты бойынша секциялар елімізде бертін келе ғана ашылды. Қазір бірнеше қалада жұмыс істеп тұр. Сәйкесінше, тұрақты республикалық жарыстар өткізіліп тұрады.
Айта кету керек, бұл бағыт паралимпиада ойындарының бағдарламасында бар. Алдағы уақытта осы спортшылар лицензия жеңіп алып, әлемдік аламанда ел намысын қорғауды көздейді.
«Қайсар» легионерлерді елдеріне қайтарды
«Қайсар» легионерлерді елдеріне қайтарды. Қызылордалық клуб енді қазақ балаларынан команда жасақтап, жергілікті жігіттердің шеберлік шыңдауына басымдық бермек. Бұндай мәлімдемені бірер күн бұрын обыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев жасаған еді. Енді біз арнайы сол Қызылорда қаласына барып, «Қайсар» клубының жаңадан тағайындалған басшысы Талғат Әбдіғаппарұлын сөзге тарттық. Оның айтуынша, жергілікті ойыншылармен де жоғарғы лигада қалуға болады. «Сол мақсатта жігіттер жасыл алаңда барын да, жанын да салмақ», - дейді жас маман.
Бұған қоса, клуб басшысы мемлекеттік бюджетке салмақ салмаудың амалдарын да қарастырып жатыр. Қазірдің өзінде демеушілер тауып, келісім жасасуға кіріскен. Алдағы мамырда қалада жаңа стадион қолданысқа беріледі. «Сол жерде біраз коммерциялық жобаларды жүзеге асырып, клубты өз шығынын өзі жабатын деңгейге шығаруымыз керек», - дейді жас маман.
«Барыс» жеңілістер сериясын үзді
«Барыс» жеңілістер сериясын үзді. Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық команда өз алаңында Новосібір қаласының «Сібір» клубын қабылдап, 4:3 есебімен жеңіске жетті. «Барыс» сапынан Виктор Антипин мен Никита Сетдиков мергендігімен көзге түсті. Никита хет-триктың авторы атанды. Осылайша, елордалық клуб қатарынан 12 жеңілістен кейін қарсыластарын ұтып отыр. Ғалым Мәмбетәлиев жігіттер енді келесі кезедсуін 31 қаңтарда өткізеді. Омбы қаласында жерігілікті «Авангард» хоккей клубымен жолығады.
Еске сала кетейік, соңғы кезде елордалық клубта үлкен өзгерістер болып жатыр. Ұзақ жылдар бойы отырған бас директоры Борис Иванищев отставкаға кетті. Оның орнына Нұрлан Оразбаев тағайындалды. Ал, бас бапкер қызметіне Ғалым Мәмбетәлиев келді. Ол командадағы бірнеше легионермен қош айтысып, мұз айдынға жергілікті ойыншыларды көбірек шығарып жүр.
«Астана» клубы қатарынан 27 рет жеңілді
27 ойын, 27 жеңіліс. «Астана» баскетбол клубы биылғы маусымды өте сәтсіз өткізіп жатыр. Ресейдің ВТБ лигасында өнер көрсететін қазақстандық команда бұл жолы «Новогород қаласының «Пари» клубымен кездесті. Сырт алаңда өткен матч 66:62 есебмен аяқталды. Нәтижесінде 27 турдан кейін «Астана» бірде-бір ұпай жинай алмай, турнир тізіміндегі 12 команда арасында ең соңғы сатыға жайғасты. Глеб Плотников баптайтын жігіттер енді келесі кездесуін 29 қаңтарда өткізеді. Астанада Сарама қаласының «Самара» клубын қабылдайды.