Қысқы Азия ойындарына жеті күн қалды
137 жаттығу жиыны және 86 халықаралық жарыс.
Қазақстан спортшылары Қысқы Азия ойындары алдында тыңғылықты дайындықтан өтті. Қытайда болатын байрақты бәсекеге 137 спортшымыз қатысады. Олар 6 спорт түрінің 10 бағыты бойынша жүлдеге таласып көрмек. Түсінікті болу үшін айта кетейін, Қысқы Азия ойындары бұл ересек спортшылар арасындағы кешенді жарыс және алдағы олимпиадаға негізгі дайындық саналады. Сондықтан ел намысын қорғайтын қыз-жігіттер барын салуы қажет дейді Туризм және Спорт министрі Ербол Мырзабосынов. Астанада ұлттық құраманы салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Оның барысында министр спортшыларға сәттілік тілеп, барынша қолдау танытатынын алға тартты. Бұған қоса, ол еліміздің көк туын ашылу рәсімінде алып шығатын ұлттық құрама өкілдеріне табыстады. Бұл құрмет хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трек шебері Ольга Тихонова бұйырды.
Қысқы Азия ойындарына дайындық
Бір айта кетерлігі Харбин қаласы бұған дейін 1996 жылы да осы қысқы азия ойындардын қабылдады және Қазақстан құрамасы алғаш рет аталмыш бәсекеге қатысқан болатын. Ұлттық құрама спортшылары содан бері құрлықтық додаға тұрақты барып, бас-аяғы 78 алтын, 62 күміс және 52 қола жеңіп алды. Әсіресе, шаңғы, биатлон, шаңғымен бағдарлау, тау шаңғысы, фристайл, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, бенди және шаңғымен тұғырдан секіруден медаль алып жүрміз. Сәйкесінше, биыл да дәл осы бағыттардан жүлде күтіледі.
Кенжеш Сәрсекенова, ҚР Конькимен жүгіруден мемлекеттік жаттықтырушысы
Шорт-тректен тарихи жетістік тіркей аламыз ба?
Біз қызығы Қазақстан тұрақты алтын алатын спорттар арасында шорт-трек жоқ. Жалпы осы спорттың өкілдері бірде-бір рет Азия Ойындарының чемпионы атанбапты. Сәйкесінше, биыл тарихи нәтиже тіркеуге мүмкіндік бар. Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын қыз-жігіттер қазір Астана қаласында дайындықты пысықтап жатыр. Ұлттық құрама соңғы Қазақстан чемпионатында іріктелді. Қытай төрінде бас-аяғы 12 спортшымыз жүлдеге таласады. Атап айтқанда, ерлер арасында Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен және Глеб Ивченко жарыс алаңына шығады. Әйелдер арасында Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Мадина Жанбусинова және Зейнеп Құмарқан бағын сынайды. Олардың шеберлігін шыңдау үшін Нидерландыдан арнайы маман шақыртылды. Бұған қоса, қосалқы ұлттық құраманы да осында алдыртып, бірлескен дайындық жүргізіп жатыр.
Абзал Әжіғалиев, шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі:
- Сонымен Харбиндегі және Ябулидегі Азия ойындары 7 ақпанда басталып, 14 ақпанға дейін жалғасады. Бұған дейінгі Қысқы Азия ойындары 2017 жылы Жапонияда өтті. Ол кезде Қазақстан құрамасы 32 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтаған болатын. Биыл да сол көрсеткешті қайталау жоспарланып отыр. Яғни жарыс қорытындысы бойынша қалай да алдыңғы бестікке кіруіміз керек дейді салаға жауапты мамандар.
Аманбай Нұрмұханбетов, ҚР ТСМ Комитеті төрағасының орынбасары