31 қаңтар 2024 жыл - 15:00 жаңалықтар топтамасы
Жаңалықтар топтамасында:
Кіші қызметкерлердің айлығын өсіру ұсынылды
Еден жуушы, аула сыпырушы, электрик және сантехниктердің жалақысын көтеру қажет. Мәжіліс отырысында "Amanat" партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова депутаттық сауалында осылай деді.
Шекарадан өту талабы жеңілдеді
Шекарадағы шектеу жеңілдеді. Енді қазақстандықтар Өзбекстанға 30 күнге дейін тіркеусіз бара алады.
Ірі жол апаты болды
Жамбыл облысында 26 көліктің қатысуымен ауқымды жол апаты тіркелді. Оқиға республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» тас жолының Жуалы ауданындағы бөлігінде болған.
Жүргізуші – Жанар Меңдігерей