Алматы облысында жемқорлыққа қарсы волонтёрлік топ жұмысын бастады
Алматы облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтёрлік-мобильді топ жұмысын бастады.
Оның құрамында мемлекеттік құрылымдардың өкілдері мен еріктілер бар. Мобильді топ облыс аумағын аралайды. Тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдап, құқықтық кеңес береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған мобильді топ өз жұмысын Қонаев қаласынан бастады. Мемлекеттік қызметкерлер мен заңгерлер халыққа тегін заңды көмек көрсетеді. Әсіресе ауыл жастарының құқықтық сауатын артыруға көңіл бөлінеді.
Гүлнұр Рахыбай, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
«Мемлекеттің беріп жатқан барлық мүмкіндіктерін жастарға жеткізу. Толыққанды ақпарат беру. Сонымен қоса сыбайлас жемқорлыққа қасы мәдениетті қалыптастыру. скл «Жадынама қағаздар тарату арқылы , жастардың қатысуымен кең ауқымды бейнерориктер түсіру арқылы да қзіміздің жастар арасында қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргіземіз».
«Шалғайдағы елді мекендерде тұрып жатқан ағайынның өтініштері мен арыз-шағымы орталыққа жете бермейді. Бұл бастама солардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын бағалауға мүмкіндік береді», - дейді ұйымастырушылар.
Серік Орымбетов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:
«Бізге күнделікті түсіп жатқан арыз шағым ол жер мәселесі. Күрделі болып тұр Алматы облысы Алматы қасында болғандықтан жер мәселесі бар. Одан кейін жол мәселесі. Денсаулық сақтау, сол жан-жақты осындай күрделі мәселелер болып тұрғаннан кейін халықтың ішінде сол себептен біз осындай шешімге келдік».
Іс-шара аясында 30-дан астам шалғай ауылдарды аралап қайту жоспарланған. Көшпелі кездесулер тұрғындар ең көп шоғырланған жерлерде ұйымдастырылады. Мобильді топ өкілдерінен кез келген адам өзіне қажетті кеңес алу мүмкіндігіне ие.
Алмас Садуақас, Аманжол Жөнкешов