Астанада Xiaomi компаниясының қатысуымен фотокөрме ұйымдастырылды
National Geographic Қазақстан Xiaomi (Сяоми) компаниясымен бірге Астанада ерекше фотокөрме ұйымдастырды.
Сауда және ойын-сауық орталығында қытайлық смартфонға түсірілген 25 сурет қойылды. Ұйымдастырушы тарап, көз тартар кадр арқылы көпшілікке еліміздің көркем табиғатын көрсетпек.
Бұл суреттерді Explore Jana Qazaqstan командасы National Geographic Qazaqstan ұжымымен бірлесіп, биылғы мамыр мен қыркүйек аралығында ұйымдастырған 5 экспедицияның барысында түсірген. Саяхатқа белгілі бренд Сяоми қолдау көрсетті.
Сәния Сембаева, National Geographic Qazaqstan өкілі:
- Экспедицияда Қазақстанның түкпір-түкпірін араладық. Сол кезде түсірілген 3 мыңнан астам суреттің ішінен біз осы фотокөрмеге 25 кадрды таңдап алдық. Мұның бәрі Сяоми смартфонына түсірілген. Көрмені Mega Silk Way-ге келіп тамашалауға болады.
Экспедиция мақсаты - отандық фотографтар мен саяхатшы блогерлердің обьективі арқылы еліміздің туристік әлеуетін көрсету. Команда мүшелері Түркістан, Алматы өңірінде, сондай-ақ, шығыс пен батыс аймақтарда болып, тұмса табиғатпен танысқан.
Кәмшат Атуова, Xiaomi Қазақстан компаниясының маркетинг менеджері:
- Біздің Сяоми 13 сериясы арқылы біз деген әр эмоцияны, әр детальді көрсетіп, біздің көрермендерге жеткіздік деп ойлаймыз. Осы фотокөрмеге қатысқанымызға өте қуаныштымыз.
3500-ден астам суреттің бәрі Xiaomi 13-ке түсірілген. National Geographic Qazaqsan ең үздік деген 25 туындыны көпшілік назарына ұсынып отыр. Ұланғайыр жеріміздің ғажайыптарын көрсететін көрме 18-ші қарашаға дейін жалғасады.
Қорған Қонысбайұлы, Артур Горшняков