«Түркістанның заманауи мұғалімдері – 2023» фестивалі өз мәресіне жетті
Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға аудан-қалалардан 200-ге жуық мектеп директоры мен орынбасарлары, мамандандарылған білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, кәсіби бағдар беруші педагогтар мен әдіскерлер және пән мұғалімдері қатысты.
«Заманауи мұғалім болу - заман талабы. 10 күнге жалғасқан шара аясында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған дәрістер, шебер-сынып, ғылыми жоба, панорамалық сабақтар, сергіту сәттері, ашық микрафон және стендап форматтарындағы баяндамалар тыңдалды. "Білім беру жүйесіндегі менеджмент", "Педагогтердың кәсіби құзіреттілігін дамыту" және "Әр сабақ – бір әлем" бағытында жұмыстар жүргізілді.
Бибінұр Мақанова, мектеп директорының орынбасары /Ордабасы ауданы/:
- Қазіргі заман талабы мұғалімнің жаңашылдығын, цифрлық сауаттылығын көтеру, жаһандық дамып жатқан осындай ресурстарды білім саласына ендіру бойынша көп жұмыстар атқарылып жатыр. Мықты идеялар айтылып жатыр. Сол идеяларды әркім өзінің мектебіне барып, тәжірибесіне ендіреді.
«Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болады» демекші, соңғы жылдары білім беру жүйесінде көп нәрсе өзгерді. Жаңа инновациялық технологиялар келді. «Ал оны игеру үшін жаңашыл ұстаз өзін әрдайым жетілдіріп отыруы керек. Сонда ғана бәсекеге қабілетті, сыни ойлай алатын, өмірге бейім шәкірт тәрбиелей алады»,-дейді байқауды ұйымдастырушылар.
Назым Жүнісова, облыстық білім беруді дамыту орталығының кафедра меңгерушісі:
- Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – жалпы педагогтардың жаңартылған жаңа технологиялар бойынша қаруландыру, түрлі оқыту технологиялары, әдіс-тәсілдер, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Осымен екінші рет ұйымдастырылған «Түркістанның заманауи мұғалімдері – 2023» фестивалінің бір ерекшелігі – биыл байқау ережесіне "Ұстаздар quizi" енгізілді. Яғни зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша ұшқыр ой, алғырлығымен Жетісайлық ұстаздар I орын иеленсе, Түлкібас ауданы - ІІ орын, үздік үштікті Қазығұрт ауданының мұғалімдері түйіндеді.
Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш