Жетісу облысының әкімі қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесті

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыстық және аудандық  қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесті.

Жиында қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру, жұмысын тиімді жүргізу туралы бірқатар мәселе талқыланды. Сарапшылар қоғамды бақылау механизмдерін күшейту тетіктерін ортаға салды.

Бүгінде Жетісу өңірінде 8 аудандық, 2 қалалық, 1 облыстық кеңес өз қызметін жүзеге асырып жатыр. Қоғамдық кеңестердің құрамына 170 астам адам тартылған, оның 70%-і – азаматтық қоғам өкілдері.

Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:

- Биылғы жылдың 2 қазанында мемлекеттік органдармен, мемлекеттік секторлармен ашықтығы және қоғамдық бақылау механизмдерін дамыту мақсатында қоғамдық бақылау туралы және ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік мәселелерді жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу бойынша келісімге қол қойылды. Заң алдағы уақытта көктемде 2 сәуірде күшіне енеді.

Қоғамдық кеңес – халықтың үні, биліктің кеңесшісі, қоғамда туындаған түйткілдердің сарапшысы. Осы ретте жергілікті билік органдары тарапынан қоғамдық кеңестер институтын қолдау үшін бірқатар қосымша шара қабылданып жатыр.

Ерғазы Қошанбеков, Жетісу облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы:

- Біз қоғамдық кеңес мүшелері 2023 жылы аудандық кеңес тобы мүшелерімен жұмыс жасағанбыз. Енді ауылдардағы қауымдастық жиналысының төрағаларымен олардың мүшелерімен жұмыс жасау жоспарымызда бар. Сонда біз облыстың барлық ауылыменен, ауданыменен, қаласыменен барлық адамдардың ұсыныс-пікірлерін, олардың ойларын билік өкілдеріне жеткізіп отырамыз.

Шара барысынды облыс әкімі жыл бойы атқарған қызметін баяндап, жылды қорытындылады.

Авторы: Әлішер Әли.