Алматыда Ticketon Awards сыйлығы табысталды

Мәдениет, өнер және спорт саласындағы халық таңдаған үздіктер Ticketon Awards сыйлығына ие болды.

Биыл жетінші рет ұйымдастырылған шараның қорытынды салтанаты Алматы театрында өтті. Ticketon Awards сыйлығына 300-ден астам үміткер ұсынылып, үздіктер 34 аталым бойынша марапатталды.

Өткен жылы патша көңілді көрерменнің ықыласына ие болған мәдени шаралар қатарында «Оян, қазақ!» фильмі мен «Гауһартас» қойылымы бар. «Үздік шетелдік фильм» аталымы бойынша көрерменнің басым дауысына «Оппенгеймер» картинасы ие болды. Сондай-ақ Болат Әбділманов, Дариға Бадықова, Бақыт Қажыбаев үздік актерлер ретінде танылды.

Болат Әбділманов, актёр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Мұндай марапаттар алған кезде біз бір жағынан, әрине, сен әлі де аттың үстінде екеніңді пенсияға, шықсақ та, әлі қатардан қала қоймағанмызды дәлелдейді. Болашақтағы жұмыстарға үлкен бір қоштау болады деп ойлаймын.

Үздіктер қатарында әлеуметтік желіде химия элементтерін әнге қосқан Ұлан Үсенов те бар. Салтанатты шарада «Әлеуметтік бастама», «Мәдени-ағартушылық жоба» аталымдары да өз иелерін тапты.

Айта кетейік, биыл көрермендер Ticketon сыйлығына үміткерлерге 8 ақпан мен 10 наурыз аралығында дауыс берді. Жалпы 154 620 дауыс тіркелген.

Виктория Торгунакова, Ticketon компаниясының директоры:

- Біздің мақсатымыз – мәдени ортаның тыныс-тіршілігін көрсету, жыл сайын жарқ еткен жаңа жұлдыздарды ерекшелеу, сонымен қатар лайықты бағасын беру. Бұл – ұлттың рухани өсуіне еңбек етіп жүрген сахна өкілдеріне, қоғам қайраткерлеріне, спортшыларға құрмет .

Өткен жылдың ең жарқын спорттық оқиғасы ретінде «Қазақстан-Дания» футбол матчы танылды. Ұлттық құраманың жеңісімен аяқталған спорттық шара 1513 дауыс жинаған.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев.