RAMS Qazaqstan компаниясы әлемдік деңгейдегі жобаларды таныстырды

RAMS Qazaqstan компаниясы қазақ мәдениетін әлемдік деңгейде дәріптеуде.

Жуырда ғана компанияның қолдауымен Ыстанбұлда Димаш Құдайбергеннің STRANGER туры аясында кең көлемдегі жеке концерті өтті. Сонымен қатар құрылыс компаниясының әлемдік деңгейдегі жобалары таныстырылды.

Димаш Құдайбергеннің 30 жасқа толған мерейтойына орай ұйымдастырылған концерт атақты Бешикташ стадионында өтті. Әлемнің 40-тан астам елінен келген тыңдарман Ыстанбұлда бас қосты. Олар тамаша әннен сусындап, қазақ мәдениетімен танысты. RAMS Qazaqstan компаниясының мақсаты да – екі ел арасындағы рухани байланысты арттыру. 

Джем Джиритджи, RAMS Qazaqstan компаниясы бас директорының орынбасары:

- Қазақстанның танымал өнер адамдарын Түркияға әкеліп, біздің жұлдыздарды Қазақстанға апару жоспарымыз бар. Сонымен қатар «Гейн медиа» атты платформамыз бар. Бұл платформада түрлі сериал, фильм және деректі фильмдер көрсетіледі. Келешекте «Гейн медианың» Қазақстандағы жұмысы басталады. 

RAMS Qazaqstan үй салумен ғана шектелмейді. Сол аумақта мектеп, емхана, мейрамхана, саябақ сынды әлеуметтік нысандарды ашып, инфрақұрылымды қалыптастырады. Бұл туралы RAMS GLOBAL-дың бас кеңсесінде айтылды. Компания елімізде құрылстан өзге де жаңа жобаларды іске асырмақшы. 

Джем Джиритджи, RAMS Qazaqstan компаниясы бас директорының орынбасары:

- Әлем бойынша біздің 25 мың қызметкеріміз бар. Олардың дені Қазақстанда. Қазақстанда көптеген жас маман бізбен жұмыс істейді. Осыған байланысты алдағы уақытта академиялық жобамыз да болады. Қазақстандағы білім саласына бөлген стипендияларымыз осы елдің экономикасына үлкен үлес қосып отыр.

RAMS GLOBAL компаниясы әлем бойынша тау-кен, темір, мәрмәр өндірісі, денсаулық сақтау, туризм, медиа сынды 8 салада жұмыс істейді. Болашақта Қазақстан нарығында тың жобаларын таныстырмақшы. Түркия, Ресей, Венгрия мен Германияда да ірі халықаралық жобаларды жүзеге асырып отыр.

Аршын Кемелжан