Балалар ЕХРО кешенін аралады

Балаларға базарлық. Бүгін астаналық балалар ЕХРО қалашығындағы музей кешенін тегін аралады.

«ҚАЗЭКСПО» компаниясы мұны балаларды қорғау күніне орай арнайы ұйымдастырған. Әрі бұл олардың алғашқы қайырымдылығы емес және алдағы уақытта да мұндай игі істер жалғасатынын айтады.

ЕХРО аумағында мерекелік іс-шара болатынын естіген ата-аналар мен балалардың бүгін қарасы қалың. Барлығы да көтеріңкі көңіл күймен келген. Ал оларды ұйымдастырушылар «Болашақ энергиясы» мұражайында ән-күймен қарсы алды. «Бақытты балалық шақ» атты концерт қаламызға белгілі би ансамбльдері мен жас өнерпаздардың қатысуымен өтті.

Балалар тек концерт тамашалаған жоқ, 8 қабаттан тұратын мұражай кешенін толық аралап шықты. Ал күн және жел энергиясы, түрлі экспонаттар, интерактивті қондырғылар мен виртуалды әлем оларды таңғалдырмай қоймайды.

Сауалнама:

- Мен Ақтөбеден келдім Астанаға. Менің бүгін – туған күнім. Сол туған күніме әпкейім мені ЕХРО музейге әкелді.

- ЕХРО-ның шарында түрлі роботтар бар. Соған қуанып. Тағы сосын терезеден жасалған көпір маған қатты ұнады.

- Мен барлық достарымды ЕХРО-ға шақырамын. Себебі осы жерде өте жақсы.

- Мереке құтты болсын!

«QazЕxpoСongress» ұлттық компаниясы мұндай іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұрады. Алдағы жаз мезгілі де EXPO қалашығында қызықты өтеді, – дейді олар.

Гүлжан Сергебаева, «QazЕxpoСongress» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы:

- Әр мейрам сайын Наурыз болсын, Жаңа жыл болсын, Астана күні бар. Барлық мерекеде осындай іс-шараларды ұйымдастырып тұруға тырысамыз. Негізі бізде жаз кезінде жазғы сахна орналасқан біздің аумақта, сол сахнада әр демалыс сайын концерттік бағдарламалар болады.

Сондай-ақ бүгін EXPO кешенінің аумағында роллердром алаңы да ашылды. Мұнда да 14 жасқа дейінгі балалар тегін ролик тепті. Енді ол жаз бойы жұмыс істейді.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Самат Оспанов.