Ақтауда жаңа азық-түлік қоймасы ашылды

Ақтауда жаңа көтерме-тарату орталығы ашылды.

Онда 40 мың тонна азық-түлік сақтауға арналған 4 қойма бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан инвестициялық жоба шеңберінде екіқабатты көтерме сауда базары да салынып жатыр.

Жаңа көтерме-тарату орталығы аймақтағы нағыз үлкен жобаға және елдегі ірі нысандардың біріне айналды. Салынған инвестициялардың жалпы сомасы – 4 миллиард теңге. Мемлекет айтарлықтай қолдау көрсетті. Мәселен, жергілікті билік жер ұсынды және банктегі несие мөлшерлемелерін төмендетті. Кейін субсидия беріледі.

Бекзат Жеткізгенов, «Ақтау көтерме-тарату орталығы» серіктестігінің директоры:

- Жобада 4 қойма қарастырылған. 6 мың шаршы метр тоңазытқыш, 2640 шаршы метр морозильник, 3360 шаршы метр құрғақ тамақ өнімдерін сақтайтын қойма. Жалпы жобаның қуаттылығы – 40 мың тонна. Азық-түлік сақтауға болады. Өңірдің 80% азық-түлік сақтау қажеттілігін осы жоба арқылы орындай аламыз.

Көтерме-тарату орталығының ашылуы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандырады. Инвестициялық жоба еліміздің басқа өңірлерінен келген кәсіпкерлер мен жеткізушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жалғас Бекеев, кәсіпкер:

- Біздің өңірде мұндай орталық болмаған. Бұл – өте үлкен және қуатты аймақ. Әзірге бәсекелестері жоқ. Баға саясаты да, соңғы технологиялар да осында сақталған. Бұл жерде азық-түлік сақтау өте тиімді болады.

Қазір инвестициялық жобаның екінші кезеңі аясында көтерме сауда базарының құрылысы жүріп жатыр. Ол жыл соңына дейін аяқталады. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ол жерден сауда орындары қарастырылады. Бұл оларға өз өнімдерін тікелей, делдалсыз сатуға мүмкіндік береді.

Авторлары: Достық Талғатұлы, Аслан Әбуталіпов, Ренат Досалиев.