Ұлытауда БАҚ өкілдеріне «Ұлар» сыйлығы тапсырылды
Жезқазғанда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімінің «Ұлар» сыйлығы тапсырылды.
Үздік телеөнімдер мен өзекті мақала авторлары ұлар құс бейнеленген мүсіншемен және қомақты ақшалай сыйақымен марапатталды.
Салтанатты шара ақпарат саласының ардагерлеріне құрмет көрсетумен басталды. Кейінгі буынға ақылшы болған аға буын төрге озды.
Ұлантай Үсенов, облыс әкімінің орынбасары:
- Халықтың арасындағы қандай түйткүлді мәселе бар Сіздердің арқаларыңызда соны шолып, бағдарлап шатаспауға тырысамыз. Сондықтан да сіздерге ең бастысы шын жүректен денсаулық тілеймін.
Дәстүрлі «Ұлар» сыйлығы «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін», «Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін», «Обьектив шебері» секілді 13 аталым бойынша табысталды. Байқау жеңімпаздарына 500 мың теңгеден сыйақы берілді. Үздіктер қатарында тәжірибелі журналистермен қатар жас тілшілер де бар.
Гүлім Маратқызы, облыстық "Ulytau"’ телеарнасының бас редакторы:
- Журналистерді елеп-ескеріпәр түрлі номинациялармен марапаттап жатыр. қолдау білдіреді. Баспасөз хатшылары үнемі байланыста болып, облыстағы өзекті проблемаларды шешуге бірге тырысамыз.
«Ұлар» сыйлығына журналистерден бөлек үнемі кадр сыртында жұмыс істейтін телеоператорлар мен техникалық қызметкерлер де ие болды. Ал ең басты сыйлық 1 млн теңге жарты ғасыр бойы қаламы қолынан түспеген Амандық Рахұлына берілді.
Амандық Рахұлы, Қазақстанның құрметті журналисі:
- Әріптестеріміздің арасында журналистер мен қасқырды аяғы асырайды деген мәтел бар ғой. Ол енді журналистің мазасыз тірлігінің, үнемі сапар үстінде жүретінін көрсетсе керек. Осындай бейнеттің, еңбектің зейнеті шығармашылық өсіп-өркендеу.
Салтанатты шарада сонымен қатар салалық министрлік пен Журналистер одағынан жеткен марапат иелеріне табысталды. Жалпы өңірде ақпараттық саясатты жүзеге асырып отырған 20-дан астам баспасөз ұжымы бар.
Елдос Кәкенов, Нұрдәулет Аманкешов