Алматыда алғаш рет Yandex Qazaqstan Day фестивалі өтті

Алматыда алғаш рет Медеу спорт кешенінде Yandex Qazaqstan Day фестивалі өтті, деп хабарлайды 24kz.

Бұл айтулы шара осы технологияны жасап шығарған мамандар мен бұл іске қызығушылық танытқан жұртшылықты біріктірді. Яғни, Yandex Qazaqstan сервисін пайдаланушы 2500 адам осы жерден табылды. Жиналған көпшілік Yandex мүмкіндігін арттыру жолдарын ортаға салды. Оған қоса, технология, тіл, мәдениет, қала және бизнес туралы баяндамалар оқылды.

Алисамен бірге ақылды киіз үй, ашық аспан астындағы кинотеатр, нейроөнер галереясы, жеткізуші роботтың лидар селфиі, самокатты қауіпсіз жүргізу мектебі. Осының бәрі интерактивті аймақтан таба аласыз. Мәселен, екі тілге еркін ауысатын ақылды Алиса компанияның табысты өнімінің бірі. Айтылғанды мүлтіксіз орындайды. Енді Yandex қызмет ауқымын тіптен көбейтіп жатыр. Оған Ultima такси и Ultima тағам қосылады.

Даниил Шулейко, жаһандық Yandex компаниясының бас директоры:

- Біз соңғы айларда қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Біз қызметтерімізді қазақ тіліне аудардық. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Алиса қазақ тілінде сөйледі. Алда шығатын жаңа сервистерде де қазақ тіліне басымдық береміз. Халықтың сұранысына қарай жұмыс істейтін боламыз. Алматыда ашылған кеңседе 500 адам жұмыс істейді.

Нейросервис. Бұл қазақ және орыс тілдерінде қойылған сұраққа толыққанды жауап бере отырып, материалдарға сілтеме береді. Яндекс Музыкасы қазақстандық өнер иелерінің шығармасынан хабар береді. Оған қоса жұртшылыққа Yandex Go, Yandex Cloud, Электровелосипед, самокат жұршылыққа жақсы таныс.

Дәния Әбдірахманова, блогер:

- Менің ойымша, осында келгендердің көбі Yandex таксимен жетті. Қай жағынан болсын, барынша сапалы жұмыс істеуге ұмтылып жатыр. Маған, әсіресе, компанияның біздің халқымыздың мәдениетіне, салт-дәстүріне, тіліне құрмет көрсеткені, оны барынша технологиямен байланыстырғаны қуантады.

Сонымен қатар Алматы әкімдігімен бірге компания тағамды жеткізіп беретін робот жеткізушілерді іске қосуды көздеп отыр. Мұндай роботтар жолдағы кедергілерді анықтап, айналып өтіп, екі шақырымға дейін өздігінен жүре алады.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов