Қарағандыда ҚХА облыстық сессиясының кезекті отырысы өтті
Қарағандыдағы Достық үйінде облыс басшылығы Қазақстан халқы Ассемблеясының мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар ХХХIII сессияда айтылған негізгі басымдықтарды талқылады.
Ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуда маңызды рөл атқаратын қоғамдық институт жұмысын одан әрі дамытудың тетіктері ортаға салынды.
Бұл облыстық сессияның 27-і отырысы. Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелеріне, Ассамблеяның еріктілеріне, жастарға Елорда төрінде өткен алқалы жиында айтылған мәселелер егжей-тегжейлі түсіндірді. Мемлекет басшысы әділдік, инклюзивтілік, прагматизм қағидаларына негізделген және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін даму бағытына түсу қажеттігін атап өткен болатын. Бұл орайда бірінші кезекте бірлігіміз бекем болу керек,-деді сессияға қатысушылар.
Ермағанбет Бөлекпаев, облыс әкімі:
- Жалпы ұлттық бірлік қуатты мемлекет құрудың кепілі. Егемен еліміздің баға жетпес байлығын сақтай білуіміз керек. Осы міндетті абыроймен атқарасыз деп сенеміз. Қасиетті отанымыз жасай берсін.
Ендігі міндет Ассамблеяның қоғамдық институт ретіндегі әлеуетін нығайту. Ұйымның мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын одан әрі арттыру маңызды. Осы орайда өңірдегі 57 этномәдени бірлестік нәтижелі жұмыс істеп отыр. Елдегі түрлі ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеуде мұндай орталықтардың ролі ерекше. Одан бөлек, келеңсіздіктер ошағын анықтап, ондай жағдайдың алдын алуға да күш салады.
Света Шардарбекова, облыстық ҚХА медиаторы:
- КХА 33 сессиясында ел президентінің этномедиация саласын дамытуға байланысты іс-шаралары туралы айтылды. Өткен шақтағы, алдағы атқарылатын жұмыстар туралы айтылды.
Сессияда ҚХА 30 жылдығына дайындық жайы айтылды. Мерейтойға орай өңірде жоспарлы түрде көптеген іс-шара өтеді. Сондай-ақ жиын соңында бейбiтшiлiк пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар белсенді тұлға марапатталды.
Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар