«ҚазМұнайГаз» «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

"Қазмұнайгаз" ұжымы "Таза Қазақстан" акциясы аясындағы кезекті сенбілікке шықты. Бұл жолы олар Елордадағы Есіл жағалауын тазартты. Жағада үйілген күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға кері әсер етері сөзсіз. Сол себепті, компания демалушылардың экологиялық мәдениетін арттыруды мақсат етеді. 

Кішкентай Сая да әкесімен бірге "Есіл" жағалауын тазалауға келді. "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының қызметкері балаларына үлгілі тәлім беріп, тазалықтан тағылым ұсынуды жөн көрген. 

Сая Мұхтарқызы:

- Әкем "Қазмұнайгазда" жұмыс жасайды. Біз осы жерді тазалауға келдік. Мына жерден көп қоқыстың бәрін жинадық.

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында өткен сенбілікке ҚазМұнайГаздың құрылымдық бөлімшелерінен жүзден аса - 120 дай адам қатысты. Бәрін ұйыстырған мақсат бір - тазалық. 

Рүстем Усалиев, "Қазмұнайгаз" ҰК АҚ" жетекші маманы:

- Акцияға бірінші рет емес, 4-рет шығып жатырмыз. Ол жалғыз біздің ұрпағымыз емес, қалаға келетін қонақтар бар. Қаламыз бірталай тазарып, жақсарып қалып жатыр. Біздің ұжымымыз "Қазмұнайгаз" мекемесі ат салысып, қаланы көркейтуге, тазалығына біз үлесімізді қосып жатырмыз. 

Елорданы ғана емес, ҚазМұнайГаз көктемде Арал теңізінің құрғаған табанындағы 15 мың га аумаққа 4,5 млн жуық сексеуіл көшетін отырғызды. 2020-2023 жылдары компаниялар тобының еншілес және тәуелді ұйымдары елді мекендер мен санитарлық-қорғау аймақтарында шамамен 100 мың ағаш еккен. Осылайша эко сананы жаңғыртуға үлес қосып жүр.

Василий Лавренов, "Қазмұнайгаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

- Мемлекет басшысы бастамашы болған "Таза Қазақстан" акциясы жалғасады. Қазмұнайгаз барлық іс-шараға белсенді ат салыса береді. Міне бүгін орталық кеңсе қызметкерлері Есіл жағалауын тазартты. Жалпы мұндай сенбілік республика көлемінде жасалып жатыр. Қызметкерлеріміздің осындай белсенділігі үшін алғыс айтамыз. 

Иә, атқарылған жұмыс айтарлықтай "ҚазМұнайГаз" компаниялары тобы биыл ел бойынша 88 000 астам ағаш отырғызуды жоспарлаған. Оның 22 500-ге жуығы көктемде егілді.

Мерей Мұратханқызы, Мұрат Әріпханов