«Туған елге саяхат» пойызы жолға шықты

«Туған елге саяхат». Қазақстандық 400 бала еліміздің ең көрікті жерлерін аралауға мүмкіндік алды.

Қазір олардың алғашқы легі жолда. Жас саяхатшылардың тең жартысы тасқыннан зардап шеккен өңірлерден келген. Жазғы демалыстың бас демеушісі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен серіктестікте “Самұрық-Қазына” компаниялар тобы.

Туған елге саяхат” пойызы осымен 6-мәрте жолға дайындалып жатыр. Әзірге демалыстың бірінші кезеңінде 10-15 жас аралығындағы 200 бала қамтылған. Олар 12 күнде Астана, Алматы, Бурабай, Тараз, Түркістан және Байқоңыр қалаларын аралап, ондағы мәдени-тарихи жерлермен танысады. 

Аяулым Советова, жас саяхатшы:

- Ең бастысы “Самұрық-Қазына” қорына үлкен рақмет айтамын. Себебі ол тек маған емес қаншама балаға осындай мүмкіндік беріп тұр. Бізге қаншама қалаларды айналып, қазақ елін көруге мүмкіндік берді. Алматы қаласында болдым. Алайда Тараз сияқты қалаларда болмадым. Сондықтан қобалжып тұрмын.

Жас саяхатшыларға 9 вагон беріледі. Ішінде барлық жағдай жасалған. Дәл осындай демалыстың 2-легі 24 шілдеге жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 5 жылдан бері компаниялар тобы атынан «Samruk Kazyna Trust» қоры арқылы 3 мыңға жуық бала саяхаттаған.

Нұрлан Жақыпов, “Самұрық қазына” АҚ басқарма төрағасы:

- Бұл жобаға су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі ең дарынды, ең талантты балаларды таңдадық. “Таза Қазақстан” акциясы шеңберінде біз оларға треннингтер өткіздік. Сондай-ақ, олар артында қалған қоқысты жинайды. “Таза Қазақстан” акциясын жүзеге асырады.

Айта кетейік, “Самұрық-Қазына” Әл-ауқат қоры осыған дейін елде болған түрлі жайттарға бей-жай қараған емес. Әрқашан қамқорлық танытып, қол ұшын созып келеді. Су тасқыны кезінде де зардап шеккен өңірлерге 22 млрд теңгеден астам қаржы аударған.

Мерей Қанапия, Ерлан Наурызбаев 24.KZ