Атырау облысы Қызылқоға ауданында әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі

Атырау облысы Қызылқоға ауданында 11 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі.

Ауданға қарасты 10 округтің 8-де спорт кешені және Қарабау, Тайсойған және Мұқыр ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы басталды. Құрылысшылардың басым бөлігі жергілікті жастар.

Қарабаудағы мәдениет үйінің қадасы былтыр қағылған еді. Алайда, облыстағы тасқын судың салдарынан құрылысы кешеуілдеп, енді қайта жанаданды. Бүгінде 300 орындық зәулім сарайдың іргетасы құйылып, қабырғалары қалана бастаған. Құрылыс алаңында 20 жұмысшы еңбек етуде. Жұмысшылардың денін жергілікті жастар құрайды.

Ержан Дүйсенғалиев, мердігер мекеме басшысы:

- Пиктің уақытында 50-60 қа дейін жұмысшы болады. Оның 50 проценті осы жергілкті халықты жұмыспен қамту үшін жергілікті әкімдікпен жақсы қарым-қатынаста жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бітіру мерзімі құжатта 15 ай делінген бірақ жұмыс басталарда ауыл халқымен кездесіп уәде бергенбіз уақытынан бұрын бітіруге тырысамыз.

Сондай-ақ қарабаулықтар үшін жаңа спорт кешенінің құрылысы да көз қуаныштарына айналған. Жергілікті жастарды ауылға тұрақтандыруға бағытталған шаралар басқа елдімекендерде де жалғасуда. Биыл Қарабау, Тайсойған және Мұқыр секілді 3 ауылда мәдениет үйлерінің құрылысы қолға алынған.

Қанат Әзмұханов, Қызылқоға ауданының әкімі:

- Онан бөлек бізде Жангелдинде мәдениет үйі ескірген соның орнынан осы жылы жаңасын бастаймыз. Қосымша айта кететін болсақ, аудан орталығы - Миялыда қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттамасын қарап жатырмыз, 500 орындық мәдениет үйін салу біздің жоспарымызда тұр. 

35 мыңға тарта халқы БАР аудан үшін әлеуметтік нысандардың маңызы ерекше. Бүгінде ауыл халқының басым бөлігі зейнет жасында. Сондықтан жергілікті билік ауыл жастары үшін пайдалы жобаларды алдағы уақытта жүзеге асыра бермек.

Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин